ААВВ
|
ААВв
|
АаВВ
|
АаВв
|
ААвв
|
Аавв
|
ааВВ
|
ааВв
|
аавв
|
Толық доминанттылық. Әдеттегі ажырау қатынасы
|
9
|
3
|
3
|
1
|
аа>В-, аа>вв рецессивті эпистаз
|
3
|
3
|
3
|
1
|
А->В-, аа>вв, вв>А-, вв>аа қос рецессивті эпистаз
|
12
|
3
|
1
|
А->В-, А->вв, В->А-, В->аа қос доминантты эпистаз
|
15
|
1
|
Қос кумулятивті әрекеттесу
|
9
|
6
|
1
|
Доминантты және рецессивті әрекеттесу А->В-, А->вв вв>А-, вв>аа
|
13
|
3
|
1
|
9 - кестеден гендер әрекеттесуінің түрлі ттиптерінің Мендель анықтаған дигибридті будандастыру кезінде фенотип 9:3:3:1 қатынасындай болып ажырауының классикалық формуласының өзгеретіндігін көреміз. Дегенмен ажыраудың барлық келтірілген типтері ажыраудың гентикалық механизімінің бұзылуының салдары емес жеке даму барысында гендердің өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып есептеледі.
6.4 Плейотропия
Ағзалардың жеке дамуы барысында кейбір гендердің бір немесе бірнеше белгілердің дамуына әсерін тигізуі анықталған. Табиғатта кең таралған бұл құбылыс гендердің плейотропиялық әсері деп аталынады.
Плеотропияға мысалдар келтірейік: сабақтары қызыл өсімдіктердің гүлдері қызыл, ал сабақтары көк өсімдіктердің гүлдері көбінесе ақ түсті болады. Қоғыр (шөмішгүл) өсімдігінде болатын бір ғана ген, оның бірнеше белгілерінің – гүлінің қызыл түсін, жапырағының екі жағының да боялуының, тұқым қабығының түссіздігін, эндосперманың қоңыр болып дамуын анықтайды. Дрозофиланың ақ көзділігін анқытайтын рецессивтік ген, оның кейбір ішкі мүшелерінің пішініне, өсімталдығының кемуіне, өмір сүру ұзақтығының қысқаруына т.б. әсерін тигізеді.
10 - кесте - Гендердің өзара әсері
Ген-
дер жұбы
|
Өзара әсері
|
Анықтамасы
|
Мысал
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.Бір аллельді жұп гендердің өзара әрекеттесуі
|
А) доминанттылық
(басымдылық)
|
Гетерозиготаның аллельдерінің бірі (доминанттылық көрсететін аллель) дарабастың тиісті белгісіне әсер етуші басқа аллельге (рецессивті) басымдылық көрсету құбылысы
|
Бұршақ жемісінің тұқымының түсінің тұқым қуалауы
|
Б) толымсыз доминаннтылық
|
F1-дегі будандардың белгілері ата-аналық формалардың ешқайсысына ұқсамай аралық сипатта болуы
|
Түн аруы өсімдігінің гүлінің түсінің тұқым қуалауы
|
В) rодо-минант-тылық
|
Гетерозиготалы ағзалардың фенотипінде екі аллельдің бірдей көрінуі
|
Адам қан топтарының тұқым қуалауы
|
2. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі
|
А) компле-
ментарлы(толық-тырушы) әсер
|
Бірін-бірі толықтырушы гендердің болуы, олар бірге әсер етіп, белгінің пайда болуына себеп болады
|
Тауық айдары пішіндерінің тұқым қуалауы
|
Б) эпистаз
|
Бір жұптың доминантты аллельі екінші жұптың доминантты аллельінің әсерін басып тастау құбылысы
|
Бұршақ жемісінің тұқымының түсінің тұқым қуалауы
|
В) поли-мерия
|
Белгілі бір белгінің дамып (әдетте мөлшерлік белгілер) көрінуін көптеген гендердің (полигендердің) қамтамасыз ету құбылысы. Әрбір жеке геннің үлесі шамалы болғанымен көп гендер бірігіп әсер еткенде белгінің көріну мүмкіндігі күшейе түседі.
|
Адам терісінің түсінің тұқым қуалауы бір топ аллельді емес гендердің әсеріне байланысты. Доминантты гендер көп болған сайын тері түсі қошқылырақ болады.
|
Плейотропия
|
|
Геннің бір мезгілде ағзаның бірнеше белгілеріне әсер ету қабілеті
|
Қаракөл қойының елтірісі түсінің тұқым қуалауы
|
10-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
Көп аллельділік
|
|
Көптеген гендердің екі немесе одан да көп аллельдік күйі. Көптік аллельизімде гаметада немесе спораларда осы геннің бір аллельі ғана, ал диплойдты ағзалардың жасушаларында (бірдей немесе әр түрлі) екі аллельі болады. Көптік аллель бойынша ажырау әрдайым моногибридтті.
|
Адам қан топтарының тұқым қуалауы
|
Сыртқы белгілеріне әсер ететін плейотропты гендер, көбінесе дарабастардың тіршілік қабілетіне де әсер етеді және көпшілік жағдайда оны төмендетеді.
Бұрын біз қаракөл қойларының елтірілері түстерінің тұқым қуалауын мысалға келтірген болатынбыз. Қарасұр түлкілердің тұқым қуалауыны жасалған генетикалық талдаулардың нәтижесінде түлкі жүнінің платина түсті болуы, тек гетерозиготада болатын доминантты ген арқылы болатындығын көрсетті, себебі оның рецессивті летальді әсерлері болады. Бұл жағдайда түсті анықтайтын доминантты гендер екінші жағынан алғанда дарабастардың тіршілік қаблетіне қарағанда рцессивті болып келеді. Ағзаның қаблетін күшейтетін плейотропты гендер жалпы сирек кездеседі.
Гендердің өзара әрекеттесуіне есеп шығару жолдары және есептер жинағы:
11- есеп. Хош иісті бұршақ гүлінің қошқыл қызыл түсі екі комплементарлы доминантты А мен В гендерінің өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса, қызыл пигмент түзілмейді де өсімдіктің гүлінің түсі тек ақ болады. Генотипті төмендегідей болып келген өсімдіктердің гүлдерінің түсін анықтаңдар: Аавв; ааВВ; ААВв; АаВв; ааВв; ААВВ.
12 – есеп. Мына төмендегі жолдармен будандастырудың нәтижесінде Ғ1 – дегі алынған будан өсімдіктердің фенотиптерін анықтаңдар: ААвв х ааВв; АаВв х АаВв; ААвв х Аавв; ААвв х ааВВ.
13 – есеп. Құндыздың жабайы типіне тән болып келетін терісінің қоңыр түсін екі доминантты ген А және В анықтайды. Осы екі геннің біреуінің рецессивті аллелі бойынша гомозиготалы болса, сұр түс береді. Екі сұр түсті құндыздарды будандастырғанда Ғ-1 – дегі ұрпақтың барлығы да қоңыр болып шықты. Ата-аналық жұптың генотиптерін және Ғ-2 – дегі болатын ажыраудың сипатын анықтау қажет.
14 - есеп. Сұлы түсінің қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпистазды, яғни А гені бар жерде В гені қызмет атқармайды. Зиготада доминантты гендердің екеуі де жоқ болса, тұқымның түсі ақ болады. Мына төмендегідей генотиптері бар өсімдіктердің дәндерінің түстерін анықтаңыздар: ааВв; аавв; Аавв; АаВв; ААВв; ааВВ; АаВВ.
15- есеп. Қара тұқымнан өсіп шыққан сұлы өсімдігін өздігінен тозаңдандырғанда 12:3:1 қатынасындай болып қара, сұр және ақ түсті дәндер алынған. Бастапқы өсімдіктердің генотиптерін анықтаңыздар.
16 - есеп. Тышқандардың рецессивті с гені альбинизмді анықтайды. Доминантты аллель С жүнді бояитын пигменттердің синтезін реттейді. А және а гендері жүн талшықтарының өне бойына пигментердің таралуын қамтамасыз етеді: а гені біркелкі боялуына, ал А гені жүннің қара түске боялуымен қатар оның ұшында сақина тәрізді сары пигменттің түзілуіне әсер етеді. Генотиптері ССаа, ССАА, ссАА, ссаа тышқандардың фенотиптерін анықтау керек.
17 – есеп. Бидайдың кейбір іріктемелерінде дәннің қызыл түсін екі жұп полимерлі доминантты гендер бақылайды. Екі доминантты ген гомозиготалы жағдайда болса (А1А1А2А2), қошқыл қызыл түсті дән береді, жалғыз доминантты ген (А1 немесе А2) дәнеге әлсіз қызыл, екеу болса – қызғылт, үшеу болса – қызыл түс береді. Ал рецессивті гомозигота болса (а1а1а2а2) дәндерінің түсі ақ болады. Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай типті гендер түзе алады: А1А1А2А2 , а1а1А2А2 , А1А1 а2А2, А1А1 а2а2 , А1 а1а2а2 , а1а1а2а2 , А1А1 а2 а2, а1а1А2 а2 , А1а1А2а2 .
Достарыңызбен бөлісу: |