Байланысты: Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері
Отбасының құрылымы және әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі. Бір мезгілде отбасы әлеуметтік институт және де шағын топ бола алады. Әлеуметтік институт ретінде ол қоғамды сақтаудың өмірлік қажетті функциясын жүзеге асырады, жаңа ұрпақтың келуі. Шағын топ ретінде индивидтер өз шегінде алғашқы жеке тұлғалық қатынасқа кіреді, отбасы олардың әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырады, өз мүшелерінің табиғи қажеттіліктерін іске асырады. Отбасы – бұл адамдардың бірлігі, ортақ жанұялық қызметке құралған. Бұл бірліктің құрамындағы мүшелер бір-бірімен ерлі-зайыптылық, ата-аналық, ағайындық қатынаста байланысқан және сол арқылы халықтың ұдайы өсуі мен отбасының ұрпақ жалғастырушылық, сонымен қатар балалардың әлеуметтенуі және өз мүшелерінің бар болуын қамтамасыз етеді.
Отбасы құрамындағы мүшелердің арасындағы байланыстық деңгейі туыстық қатынастың, махаббат сезімі, бір-бірімен жақындығы және бір-біріне деген жауапкершілігі арқылы анықталады. Сонымен қатар, онда барлық мүшелердің ортақ қызметі жүзеге асады және көптеген жоғарғы қызметі атқарылады. Отбасының төменгі ретті шегіне триада кіреді, егер ол толық немесе диада, егер онда бала болмаса. Егер көпбалалы немесе бірнеше ұрпақ тұратын жағдайда отбасыда 7-11 адам болуы мүмкін.
Отбасында қажеттілік топқа керек-жарақ немесе әлеуметтендірілу кезінде қалыптасады. Шағын отбасылық топтың қалыптасу үрдісі психологиялық бірлік ретінде қиын және ұзақ, онда ең бастысы – топтың ауыз біршілігінің артуы және барлық көптеген қызметінің орындалуы.
З.А.Янковтың «Отбасы шағын әлеуметтік-психологиялық топ» тақырыбына арналған жұмысында психологиялық «басшылық» түсінігімен қатар «отбасы басшысы» түсінігі басымдылық пен бағынушылық қатынасымен байланысқан қарым-қатынаспен бір қатарда қолданылады. Жұмыстың қатарында «басшы» ұғымы кездеседі – отбасының барлық қызметін ұйымдастыратын және басқару қызметін өзіне алады.
Көшбасшы, қағида ретінде отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынасты жүзеге асырады. Әр өмір ортасында жиі көшбасшы ретінде әр түрлі отбасы мүшелері болады. Мұндай міндеттің шектелуі қазіргі қала отбасына тән. Кейде ол отбасылық келісім деп аталатын отбасы мүшелерінің қызметтер мен рөлдерді бөліп келісетін өмір шегінде қалыптасады.
Отағасы дәстүрлі отбасыларға тән, әдетте бұл қасиетке отбасының үлкен ер азаматы кіреді. Дегенмен, әлеуметтік те, этнографиялық та зерттеулер дәстүрлі отбасында отағасы қызметі үлкен ер адамы мен үлкен әйел адамының арасында бөлінетініне куәландырады. Бірақ, мұндай отбасында ең соңғы сөз ер адамға ие. Қоғамда отбасыны отағасы маңызды шағын орта бірлігі ретінде таныстырады.
Қаншалықты отбасында басшылық синтетикалық мінез (бір жағынан, қағидаға бағынады; екінші жағынан – отбасы мүшелерінің мойындауына тәуелді болады) ие болады, ол әр түрлі формада көрсетіледі – авторитарлы, демократиялы, анархиялы. Соңғы формасы көбінесе отбасы өмірінің үлгісін дезорганизацияға, отбасы тәртібінің жоғалуына, оның жеке мүшелерінің қызметтерінің толық орындалуының жетіспеушілігіне алып келеді. Әртүрлі үлгіде көшбасшылық та әрқалай формада көрсетіледі – директива, бос нәрсе, психологиялық теңдік. Көптеген психологтардың жұмысында әр типтегі көшбасшылар қызметтеріне байланысты ұйымдастырушы-көшбасшы, инициативті-көшбасшы, білімпаз-көшбасшы, ойдың генератор-көшбасшы болып анықталады. Көбінесе келісілген шешім отбасында қабылданады, мұнда көшбасшы ұйымдастырушы және ойдың генераторы болып табылады. Ортақ отбасылық келісім – егер көшбасшы демократиялық түрде жасалынғанда ғана. Отбасындағы келіспеушіліктің ең жоғарғы деңгейі және түсініспеушілік көрінеді, егер ортақ басшылық бостан-босқа, ал көшбасшылық – анархиялық мінезде болса.
Отбасының ерекше қызметтері орындалады:
Жыныстық қатынастың реттелуі (отбасы оны реттейді).
Халықтың ұдайы өсуі: бір ұрпақтың басқа ұрпаққа жүйенің ауыстырылуын реттейді.
Әлеуметтену: бұрынғы ұрпақтың орнына жаңа ұрпақтың келуі әлеуметтендіру процесіндегі әлеуметтік рөлді үйренуге қабілетті.
Қамқорлық және қорғау. Отбасы өз мүшелеріне тіреу, қорған, әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Отбасы өздеріне қарай алмайтын мүгедектерге, қарттар мен жастарға қолдау көрсетеді.
Отбасы ерекшеленбеген қызметтерді атқарады:
Жеке меншіктің жиналуы және берілуі.
Әлеуметтік өзін-өзі анықтау: отбасында адам тегін, есімін, әкесінің есімін, әлеуметтік мәртебе, тұрғын үй иелену құқығын алады. Ол осы ата-анасына тиесілі класстың, нәсілдің, этностық және діни топтардың мүшесі болады.
Өндіруді ұйымдастыру.
Қолданыс.
Демалысты және бос уақытты (рекреационды) ұйымдастыру.
Отбасы мүшелерінің денсаулығы мен береке-бірлігінің қамқорлығы (санологиялық)
Күйзелістерді басу үшін отбасының ішкі микроклиматын істеу.