Оқу құралы Шымкент -2022


Тақырып . Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен сабақтастығы. (2 сағат. 9-10 апта) Мақсаты



бет12/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

5.Тақырып . Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен сабақтастығы. (2 сағат. 9-10 апта)


Мақсаты: Педагогикалық деонтология ұстаздың кәсіптік парыздылығына негізделген мінез-құлықы туралы ғылым болғандықтан, «адам-адам» жүйесіндегі барлық ғылымдармен сабақтаста болады: философия, педагогикалық этика, халық педагогикасы, физиология, психология, т.б
Жоспар:



  1. Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этикамен сабақтастығы

  2. Педагогикалық деонтологияның психологиямен сабақтастығы

  3. Педагогикалық деонтология физиологиямен сабақтастығы

  4. Педагогикалық деонтологияның халық педагогикасымен сабақтастығы

Педагогикалық деонтология ұстаздың кәсіптік парыздылығына негізделген мінез-құлықы туралы ғылым болғандықтан, «адам-адам» жүйесіндегі барлық ғылымдармен сабақтаста болады: философия, педагогикалық этика, халық педагогикасы, физиология, психология, т.б.


Педагогикалық деонтологияның философиямен сабақтастығы оның пайда болу алғышарттарын баяндағанда деректі анықталды және ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісінің әдіснамалық негіздерін айқындауда, қоғамның әр кезеңіндегі экономикалық формацияларын ескеруде көрініс табады. Философияның диалектика, таным теориясы, герменевтика, экзистенциализм, синергетика т.б. материяның дамуы, ұйымдасуы туралы ілімдер ұстаздың зерттеушілік қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызады, ал оның деонтологиялық сипатын анықтауда сананың ролін ашып, тәрбиелеу мәселесін шешуде философияның «сананың жалпы қасиеттері», «сананың құрылымы», сананың функциялары» т.с.с. тақырыптарды талдап, іске қосу қажеттігі күмән тудырмайды. Мысалы, философияда «сана біріншіден, адамның ерекше психикалық қабілетін, екіншіден, оның осы қабілетті білдіретін күйін, үшіншіден, оның мазмұнын, төртіншіден - әлдебір басқарушы механизмді білдіреді» делінгенінен деонтологиялық даярлықты қалыптастыруда парыздылық сананы, сана-сезімді тәрбиелеудің ең маңызды әрекеті екені дәлелденіп, оның ұстаздың іс-әрекетін іштей реттеуші күш екенін айқындайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет