Деонтологиялық өзара қарым-қатынас – педагогикалық деонтология ұстанымдарына негізделген ұстаз бен оқушы арасындағы өзара эмоционалдық байланыс, мінез-құлықтық қатынас
Қарым-қатынас психогигиенасы қоғамның, топтың, жеке адамның жүйке жүйесiнiң, жан дүниесiнiң саулығына зиян келтiрмейтiн қарым-қатынасты насихаттаудың, сол саладағы әлеуметтiк бақылаудың бiр амалы болады. Қарым-қатынас психогигиенасының басты ұстанымы: «Зиян келтірме!»
Деонтологиялық даярлық - ұстаздың кәсіптік қызметін деонтологиялық талаптарға сәйкес атқаруға санасының, білімділігі мен біліктілігінің дайын болу күйі.
Деонтологиялық тәлім-тәрбие – болашақ ұстаздың парыздылық сана-сезімін, мінез-құлқын жетілдіру амалдары
Деонтологиялық дайындық – ұстаздың деонтологиялық ұстанымдарға сәйкес қызмет етуге қажетті білім, біліктілік қорын қамыту үдерісі
Ұстаздың деонтологиялық тұғыры – парыздылық сезіміне негізделген дүниетанымды құраушы наным
Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімі – өз кәсіби парыздылығына байланысты педагогтың субъективті, еркін және қалтқысыз уәжділігінің негізіндегі ақиқаттың бейнеленуі
Деонтологиялық кредо – парыздылық сезіміне негізделген қандай да бір іске, мәселеге көзқарас, қатынас
Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті – деонтология ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, әрекет жасауға мүмкіндік беретін, құқылық, кәсiптiк, моральдық мiндеттерi мен тәртiп ережелерiн сақтауға, жасырын түрде бар болып, белгілі бір жағдайларда байқалатын ұстаздардың бойындағы қабілет-қасиеттер жиынтығы
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998
8 Е. Барштейн. Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б
Достарыңызбен бөлісу: |