Оқу құралы Шымкент -2022


Ұстаздың деонтологиялық дайындығына



бет22/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

Ұстаздың деонтологиялық дайындығына - деонтологиялық ұстанымдарға сәйкес қызмет етуге қажетті білім, біліктілік қорын қамту, санасын жетілдіру, тәрбиелеу әрекеттері жатады. 
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру құрылымы философияның сана, сана-сезім туралы қағидаларына сүйене анықталады.
Осыдан, ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың мақсаты: егемендігіне ие болып еңсесін көтеріп жатқан халықтың денсаулығын сақтауына әрдайым күресте болатын, өзінің кәсіптік парызына тұла бойы берік, еліміздің игілігіне ауқымды үлес қосатын ұл-қызын тәрбиелеп, өсіретін ұстаз тұлғасын дайындау. Оның бойына ұстаздық қызметтің гуманистік сипатына сәйкес адамгершілікті-психологиялық қасиеттер дарыту, ғылыми-тәжірибелік ізденіске жалықпайтын, қажымай-талмай өзінің жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін жетілдіруге бейімделген, кәсіптік санасын, сана сезімін қалыптастыру. 
Педагогтың адамгершілік санасының рационалды мазмұны тек дербес мәнге ғана емес, сол сияқты педагогикалы қызметте айқындалатын эмоционалдық процестерге де әсер етеді. Бұл әсерлер барлық бағыттарда жүреді. Ең әуелі, бірыңғай мақсат пен моральдық сананың барлық элементтерінің тұтастығын қалыптастырады. Сонымен қатар педагогтың моральдық санасын қалыптастыру үдерісінде рационалды білім мазмұны мен адамгершілік көңіл-күй ескеріледі. Бұл күрделі үдеріске сәйкесті тәлім-тәрбие беру саласындағы күнделікті қарым-қатынас кіреді. Осының салдарынан:

  • педагог тұлғасы санасының сана асты деңгейі қалыптасады;

  • мұғалімнің өзіндік адамгершілік санасы қоғамдағы әртүрлі қолданыс тапқан нормалар мен ұстанымдарды рационалды түрде игереді;

  • ізгілік пен зұлымдық, әділеттік пен әділетсіздік, парыз, ар туралы білуі болашақ ұстаздың санасы мен мінез-құлықтарын деонтологиялық талаптарға сәйкестендіреді; 

  • тұлғаның жан-жақты дамуының нәтижесінде олардың білімдері сенімге айналады. 

Бұл үдеріс - адамгершілік талаптарының және олардың өзіндік мәнін түйсіну қажеттілігін әрі қарай саралайтын құбылыс. Басқаша айтқанда, сендіру дегеніміз – білім мен сезімнің қорытпасы. Сондықтан ұстаздың сене және сендіре білуі оның мінез-құлқының тұрақты қасиеті болуы қажет. Педагогтың ішкі сенімінен, жүрек әмірінен туындайтын парыздылық санасы, сана-сезімі, яғни деонтологиялық әлеуеті оған баламен ұтымды қарым-қатынас жасауына, оның көңіл-күйін түсініп, бар күшін соның тұлғалық дамуына жұмылдыруына көмектеседі. 
Адам тіршілігінің салмақты құндылығының бірі – сана. Сананы тудыратын объективтік шындық. Сана – түйсік мүшелері арқылы объективтік шындықты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Ол үшін адам көп нәрседен хабардар болу қажет. Қысқаша айтқанда адамның санасы сыртқы дүниенің бейнелеуінің нәтижесі. Сананың негізінде білім, білу жатыр. Білім практикалық қызмет үшін аса қажетті. Материалдық, практикалық қызмет - адам өмірінің негізі десек, онда сананың шығуының, қалыптасуы мен дамуының түпкі негізі практикалық іс-әрекет, еңбек, қызмет болмақ. Объективтік дүниетаным санаға түрткі болады. Сана - объективтік дүниенің адам миында пайда болған субъективтік бейнесі, ол белгілі бір дәрежеге жеткенде өзіндік санаға, яғни сана-сезімге айналады. Сана-сезімге адамның өзі жайлы ойлай алатын өзін-өзі сезе білетін, өзін-өзі танитын, өзіне-өзі баға беретін, өзінің ісін өзі елекке салатын, өзін басқамен салыстыра білетін, өзін-өзі реттей білетін қабілеттер кіреді.
Ұстаз санасы болып жатқан құбылыстың мәнін объективті бейнелеу үшін оны бағалай білу керек, содан кейін жағдаятқа сәйкес эмоция тудыру арқылы жоғары сапалы сезіне алады. Сонда ғана деонтологиялық әлеуеті негізінде ұстазда сәйкесті жүріс-тұрыс мәдениеті пайда болады. Яғни кез келген жағдаятқа адамгершілікті реакция тудыра білуі, моральды интуициясының қалыптасқанының нәтижесі. Осыдан қызмет аясында қоғамдық моральдың нормалары мен ұстанымдарын білуі ұстазға өзіндік мәні бар маңызды қағида болып табылады
Қорыта келе, ұстаздың деонтологиялық даярлығына сәйкес санасының қалыптасуы төмендегідей бөліктерден тұрады:

  1. Қоғамдық қызмет аясында, іс-әрекет, қарым-қатынас сферасында шынайы тәжірибені сезіну;

  2. Деонтологиялық нормалар ұстанымдар мен ережелер туралы рационалды біліммен санаға әсер ету, жекелік сана-сезім қалыптастыру;

  3. Білімдерді деонтологиялық нанымға айналдыру. 

Мұнда басшылыққа алатын ой-түйін: наным - білімдер мен сезімдердің қорытпасы, сондықтан деонтологиялық наным жүріс-тұрыс уәжіне айналады.


Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру оның санасына әсер етуді, сана-сезімге дейін жетілдіруді, кәсібіне сәйкес парыздылық сана-сезімін тудыруды көздейді. Мұнда сананың қамтитын екі аймағы да ескеріледі: рационалды және эмоционалды. 
Сана объективтік шындықты жалпыға белгілі түсініктер мен категорияларды ұғынумен объективті өмірді, объективті дүниені тікелей тануы арқылы адамның біліміне, мінезіне, ойлау қабілеттеріне, күнделікті өмір жағдайына, тәрбиесіне сәйкес қалыптасады. Осыған орай, болашақ ұстаздың санасына деонтологиялық тұрғыдан әсер етудің төмендегідей жолдары айқындалды.
Онда студенттің:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет