Балаға деген сүйiспеншiлiк. Балаға деген сүйiспеншiлiк мұғалiмнiң iс-әрекеттiнде, оқушыға тәлiм-тәрбие беруге арналған түрлi шараларда, қылықтарында көрiнiс табу керек. Ұстаздық сүйiспеншiлiктiң дәл осы тұсын арнайы айтып кеткен жөн. Оған жалпы адамсүйгiш, инабатты, сезiмтал болуымен қатар, өзiнiң алдына келген оқушыға сол сезiмдi дарыта алуы өте маңызды. Мұғалiмнiң кейбiр оқушыларға асқан сүйiспеншiлiктi бiлдiруге, кейбiреуiн жек көруге, басқаларына немкұрайдылықпен қарауға құқысы жоқ. Ұстаздық сүйiспеншiлiктің бәрiне бiрдей болуы да мүмкiн емес, бiрақ бәрiне бiрдей сүйiспеншiлiктi бiлдiру - оның ұстаздық парызы
Педагогтың кәсiби парыздылық сана сезімі мен жауапкершілігі. Бұл екеуі ұстазға ауадай қажетті қасиеттер. Парыздылық пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады, оның қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Парыздылыќты сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы, жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Өз қылығының дұрыс, бұрыстығын түсіне білу – адамға үлкен қуаныш шабыт-жігер, қанағат әкеледі. Кісінің өзіне орынсыз тағылған жала, өсек-өтіріктің бекерлігіне қарсы күресу сезімі артады. Адам өзінің парызы мен жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе, мұнысы тәрбиелі кісінің жанына мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей қояды. Мұндайда ақыл мен арды ерекше қастерлей білетін адам жіберген қателігін тез түзетуді ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп, жаны тыным таппайды
Басқа мамандықтағы адамдарға қарағанда ұстаздың кәсіптiк парыз сезiмi кемелденген және ерекше кәсіптік деңгейге дейiн машықталған, тәрбиеленген болу керек. Парыздылық мiндет ұстаздан асқан дәлдiктi, барлық iстерiнде ұқыптылықты, iскерлiктi, жауапкершілікті талап етедi.
Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығы. Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығына қажымай-талмай бiлiмдерiн толықтыру, дағдылар мен машықтарын дәлдендіру, өзiнiң сыртқы көрiгiне көп көңiл бөлу, т.с.с. саяды. Яғни бiлiмiн толықтыруға, әрi қарай оқуға, өзiн жетiлдiруге жалыққан мұғалiм, ұстаздық етуден қалады, бұл қатты айтылған сөз болса да, шындығына дәлел болатын кейбiр жағдайларға тоқтала кетейiк:
заман ағымы жыл сайын демеймiз, күн сайын адамдарды өзгертедi, ал бала, қорғасын сияқты, заманның өзгеруiне өте бағынышты екенi белгiлi;
психология, педагогика ғылымдарында технологиялық, теориялық жаңалықтар желiсi үдеу алып келедi;
қоғамда, мемлекетте, әлемде болып жатқан даму өзгерiстерден ақпараттану екпiнi асуда, т.с.с.
Ұстаз осының бәрінен хабардар болып, өзінің соларға қатысын қалыптастырып, оқушылардың болашағына ұтымды әсер ете білуі қажет. Сондықтан ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайын болуы – оның µте маңызды кәсіптік міндеті.
Ұстаздың өзін-өзі танып білуінің кепілі оның деонтологиялық даярлығы екенін төмендегідей көрсеткіштері дәлелдейді:
өзiн-өзi танып бiлуінің мән- мағынасын ашып, әдістерін игеруге ынтасы;
өзiнiң деонтологиялық даярлық бейнесiн жобалаудың жолдарын білуі;
өзiнiң мінез-құлқына, iс-ќылыѓына талдау жасау әдіс-тәсілдерін игеріп, рефлексия жасауға дағдылануы;
өзiн-өзi танып бiлуінің педагогикалық жағдаяттарды ұтымды басқаруға септілігін айқындай білуі;
басқаны өзіне сендіру өнеріне үйрене білуі;
өзiн-өзi жетiлдiру, өзiн-өзi басќару, жігерлендіру әрекеттерінің теориялық негіздерін білуі;
өздігінен білімін жетілдіруді жобалап, жоспарлау үлгілерін талдап-таразылауы;
өзін-өзі тәрбиелеуді жобалап, жоспарлау үлгілерін талдап-таразылай білуі;
оқушыны, тәрбиеленушіні өзін-өзі танып-білуге үйретудің әдіс-тәсілдерін игеруі;
өзін-өзі танып-білу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасай білуі т.б
Әділдік. Ұстаз қызметінің ерекшелігі сонда, ол қашанда бір шешім қабылдап, біреуді мадақтап, екіншіні даттап жатады. Сондықтан адам баласының ең аяулысы ары мен мұраты, әділдікті бойына сіңіру - ұстаздық парыз. Әділдіктің мағынасы туралық, дұрыстық, шындық дегенді білдіреді де, одан таю, яғни әділдікке жатпайтын іс істеп, қиянат жасау, біреудің обалына қалу жазықсыз жапа шектіру болып шығады. Сондықтан әділдік адамның ең асыл қасиеті, адамгершіліктің, әдеп-инабаттың негізі болып саналады.