Оқу құралы Шымкент -2022


Тақырып . Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы. (2 сағат. 13-14 апат) Мақсаты



бет18/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

7.Тақырып . Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы. (2 сағат. 13-14 апат)


Мақсаты: Ұстаздың кәсіби қызметінің деонтологиялық аспектілері күрделі және көпжақты, олардың өзара сабақтастығы әлеуметтік-психологиялық факторлармен түсіндіріледі. 
Жоспар:



  1. Балаға деген сүйiспеншiлiк.

  2. Педагогтың кәсiби парыздылық сана сезімі мен жауапкершілігі

  3. Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығы

  4. Әділдік.

  5. Сапалы сөйлеу икемділігі.

  6. Ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненті. 

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көреген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадыда жақсы сақтайтын, … еш нәрсені ұмытпайтын…, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.., мейілінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп…, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» деп, ғұлама ойшыл Әл-Фараби ұстаз тұлғасына деген талапты көрсеткен.


Қазақтың хәкімі Абай Құнанбайұлы ұстаздық еткен адам тұлғасына көп көңіл бөліп, олардың біліктік мінездемесі мыналардан құралады дейді: 
1)батыл;
2) жарылқаушы (өзіңді және өзгені);
3) мейірімді;
4) сүйікті;
5) кешіруші;
6) қорғаушы;
7) айыпты жабушы;
8) қызық беруші;
9) пайда беруші;
10) басқарушы;
11) кірсіз, жаны таза;
12) негізі бар;
13) күнәсін біліп, оны тазарта алушы және т.б.. Мұнда Абай жалпы ғылымнан қуат алған ізгілікті, парасатты адамның тұлғалық моделін жасаған» .
«Әр баланың жүрегіне жол тап, біреуін жылы сөзіңмен баура, екіншісіне сәл-пәл қатаңдау бол, үшіншісіне әлденені өзің жасап көрсет, … әр балаға нақтылықпен қара» деп халық педагогикасы да ұстазды міндеттейді.
Қоғам өз үмiтiн, өз болашағын тапсырған адамда қандай қабiлеттер болуы тиiс? Педагогикалық қызметтiң табысты өтуiн қамтамасыз ететiн мұғалiмнiң мiнезiнде қандай қасиеттер, тұлғасында қандай қабiлеттерi мен моральдық көрсеткiштерi болуы керек? Ел арманын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн, мектептің мұрат-мұқтаждығын iске асыратын мұғалiм ненi бiлу керек? Неге парыздану керек? 
Ұстаз қандай болуы керек? – деген сұраққа жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеев төмендегідей пікір білдірген екен. « Менің ойымша:

  • біріншіден, ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы керек;

  • екіншіден, өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы мамандықтың жетіле беру жолында арымай-талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп, педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет;

  • үшіншіден, өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сонымен бірге ғылымның әр саласынан көп хабары бар, жан-жақты білімі бар, мәдениетті болуы қажет;

  • төртіншіден, ол өзінің әрбір оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, балаларды, өз оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін болуы қажет;

  • бесіншіден, өз оқушыларымен тығыз байланыста, олармен дос, олардың қойған тілектеріне көңіл қойғыш, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұң-мұқтажына ұдайы көңіл бөліп отыратын қамқор болуға тиіс;

  • алтыншыдан, өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын орындатқанда, оны жақсылап ұғындыру арқылы, барлық істегі саналылығы мен ұқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілілігі арқылы орындатып отыратын болуы қажет; 

  • жетіншіден, оқытушы керек болған жағдайда, жаза тарттыра отырып, бұл шараны балалардың, оқушының тәртіпті болуын, жақсы тәлім-тәрбиелі және саналы болуын көздеп жүргізетін адам болуы қажет. 

Қорыта келгенде, оқытушы өзінің сырт бейнесі арқылы да, оқытушылық ісі, адамгершілік қасиеті арқылы да, балалармен достық қарым-қатынас ұстауы арқылы да, өз оқушыларына ақылшы, тәрбиеші болу арқылы да үлгі болу керек. Сонда ғана ол оқушылардың алдында беделді болады”. 
Педагогикалық деонтология тақырыбына өзінің бірталай еңбектерін арнаған педагог-ғалым К.М. Левитан өз зерттеулерінің қорытындысы бойынша ұстаздың тұлғалық сапасын деонтологиялық тұрғыдан анықтайтын қабілеттер иерархиясын төмендегідей қылып құрастырған:
1) өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білімі;
2) сол білімдерін, дағдыларын оқушыларға жеткізе білуі;
3) талап ету ептілігі;
4) оқушыны өз пәніне қызықтыра білуі;
5) жалпы эрудициясы;
6) тілектестігі;
7) әдептілігі;
8) қызықты сабақ ұйымдастыра білуі;
9) мамандығына деген сүйіспеншілігі;
10) шыдамдылығы;
11) балаларды түсіне білуі;
12) балаларға деген сүйіспеншілігі;
13) әділеттілігі;
14) өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы;
15) әзіл-оспақты түсіне білуі;
16) техникалық оқу құралдарын қолдана білуі;
17) ұстанымдылығы (принципшілдік);
18) ашықтылығы;
19) жақсы мұқамы (дикция – сл. І том);
20) еңбексүйгіштігі;
21) сабырлығы;
22) артистігі;
23) музыкалық қабілеттері;
24) сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыра білуі;
25) эмоционалдығы;
26) адал ниеттілігі. 
Карл Роджерс ұжым басқаратын тұлғаның төмендегідей ерекшеліктерін іріктеп алған: жеке тұлғалық конгруэнттігі (сәйкестігі); рефлексиялық қабілеті (өз басының және басқа адамның тәжірибесін ескеру); эмоционалды сензитивтілігі (сезімділік); эмпатиялығы (жанашырлық, түсінушілік); ой мен сезімдерін білдірудегі айқындығы және өздігінен болдыра білуі. Сонымен ғалымдардың бір бөлігі мұғалімнің оқушыға деген сүйіспеншілігін, баланы жақсы көру сезімін асыра айтса, екіншілері, ұстаз сипатының ең алдыңғы қатарында кәсіби парыздылық сезімі болу керек деп санайтындығы байқалады.
Келтірілген ой-пікірлерді талдай келе педагогикалық деонтологияға сәйкес ұстаздың мiнез-құлқының негiзгi iргелi қасиеттерi және iс-әрекет стилi, педагогтық реңкi туралы үш пiкiрге тоқталдық:адамсүйгiштiк (соның ішінде әсіресе балаға деген сүйiспеншiлiк), парыздылық сана-сезiмi (әділдік, парыздылық пен жауапкершілік), бiлiмге, өзіндік ізденіске, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс. Осы үшеуін ең негiзгiсi деп бөлмей, бәрi бiр деңгейде қарастырылғанын жөн деп санаймыз, яғни, адамсүйгiштiк те, бiлiмге деген мәңгiлiк құштарлық та ұстаз парыздылығы деген қасиетке саяды. Соларға қысқаша тоқтала кетейік



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет