Оқу сауаттылығы №2 1-мәтін


Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали»деп аталуының себебі



бет3/4
Дата25.05.2023
өлшемі22,98 Kb.
#97035
1   2   3   4
Байланысты:
9-сынып оқу сауаттылығы2 нұсқа

7. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали»деп аталуының себебі
A) Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан
B) Сағат он екіде көшеге шыққандықтан
C) Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен
Д) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан
Е) Әиел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан
8. Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, кетерінде сыйлықтар беруінің себебі
A) Адалдығын көрсету үшін
B) Қолы ашық екенін көрсету үшін
C) Ырымдарға сенгендіктен
D) Ұстамдылығын байқату үшін
Е) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін
9. Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел
A) Франция
B) Италня
C) Венгрия
Д) Болғария
Е) Эквадор
10. Жаңа жылдық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет
A) Ресей
B) Үндістан
C) Голландия
Д) Қазақсан
Е) Қытай
11. Мерекелерде ашық хаттармен құттықтау бізге қай елден келген?
A) Ресейден
B) Голландиядан
C) Ұлыбританиядан
Д) Қытайдан
Е) Үндістаннан
12. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер
A) Венгрия - Эквадор
B) Голландия - Куба
C) Үндістан - Куба
Д) Қытай – Ұлыбритания
Е) Гвинея – Эквадор

4- мәтін


1. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Қайда болмасын, бірін - бірі
танысын-танымасын , кездессе калған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шолге шыдамды. жүк артса - көлік, жесе - ет, ал жүні киімге жараған. Қазактар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болган.
Түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, бұыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
2. Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға,
сужорға, жүйрік, тұлпар, казанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалагын сыйдың да үлкені ат мінгізіп,
шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болган. Мысалы, аяң жүріс, жорга жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталган: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, кек, шұбар т.б.
3. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін кобінесе тамаққа жараган, ет, сұт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де,
егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа
сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей»,
«мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас- ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана,
тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, егіз, бұқа деп атаған. Туйе мен жылқыны. өгізді көлік ретінде пайлаланады, шанаға, арбаға. малға жегеді, салт та мінеді.
4. Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазактың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті
- корғасын, қойды құртқан онбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол- ақ. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандыктан қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымга апарып, әкелетін өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкіні жасына
қарай: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.
5. Ырымшыл казақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда мал көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырган. Шаруашылықта қолданылатын заттар - жылқының жалынан,
құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қон жүнінен
жасалатын киіз, текемет, токылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті туйенін шудасын да қайнатып, емге пайдаланган. Мал
осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет