Оқу сауаттылығы Кепілдік талоны (1с)



бет11/12
Дата11.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#136974
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2 нұсқа (1)

20. Ауыз суы (3)
Төмендегі суретте қаладағы үйлерге берілетін суды ішуге жарамды ету процесі көрсетілген. 



Суды тазарту көбінесе бірнеше кезеңнен тұратын әртүрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Суретте тазарту үдерісінің кезеңдері көрсетілген (1–4 кезең). Екінші кезеңде су тұндырғышта жиналады.
Сұрақ:
Осы кезеңде суды тазарту қалай жүреді?

  1. Суда болатын бактериялар жойылады.

  2. Суға оттек қосылады.

  3. Қиыршық тастар мен құм түбіне шөгеді.

  4. Улы заттар ыдырайды.



21. Озон (4)
Атмосфера – ауа мұхиты және Жердегі тіршілікті сақтау үшін бағалы табиғи ресурс. Өкінішке қарай адамзаттың ұлттық және жеке мүдделерге негізделген іс-әрекеті осы ортақ ресурсқа зиян келтіреді. Нақтырақ айтқанда, Жер бетіндегі тіршіліктің қорғаныс қалқаны ретінде қызмет ететін нәзік озон қабатын бұзады.
Екі оттек атомынан тұратын оттек молекулаларынан айырмашылығы - озон молекулалары үш оттек атомынан тұрады. Озон молекулалары өте сирек: әрбір миллион ауа молекуласында оннан аз озон молекуласы кездеседі. Алайда миллиардқа жуық жыл бойы олардың атмосферада болуы Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуында маңызды рөл атқарды. 
Озон орналасуына байланысты Жердегі тіршілікті қорғауы да, зақым келтіруі де мүмкін. Тропосферадағы озон (Жер бетінен 10 шақырымға дейін) – адам өкпесінің ұлпалары мен өсімдіктерге зиян келтіретін «зиянды» озон. Бірақ стратосферадағы озонның шамамен 90 пайызы (Жер бетінен 10-40 шақырым) Күннің қауіпті ультракүлгін сәулесін сіңіріп, пайдалы рөл атқаратын «пайдалы» озон болып табылады. 
Бұл пайдалы озон қабаты болмаса, адамдар Күннің ультракүлгін сәулелену салдарынан болатын белгілі бір ауруларға жиі шалдығар еді. Соңғы онжылдықтарда озон мөлшері азайды. 1974 жылы оның себебі хлорфторкөміртекті қосындылардан (ХФК) болуы мүмкін деген болжам жасалды. 1987 жылға дейін себеп-салдарлық байланысқа зерттеулер хлорфторкөміртектің озон қабатының бұзылуына қатысы барына сенімді дәлел келтіре алмады.
Алайда, 1987 жылдың қыркүйегінде бүкіл әлемнің ресми өкілдері Монреалда (Канада) кездесіп, хлорфторкөміртекті (ХФК) қолдануға қатаң шектеулер қоюға келісті.


Дереккөз: Connect, UNESCO International Science, Technology & Environmental Education Newsletter, мақаланың тақырыбы
"Атмосфералық саясат химиясы", Т. XXII, № 2, 1997 (орфографиясы бейімделген)

Озон күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде де пайда болады. Озонның әсерінен найзағайдан соң ауада ерекше иіс қалады. Мәтіннің үшінші абзацында автор «зиянды» мен «пайдалы» озонды ажыратады.


Мақалада келтірілген терминдерді пайдаланып, мына сұраққа жауап беріңіз: Найзағай кезінде түзілетін озон «зиянды» ма, әлде «пайдалы ма?

Мәтінде нақтыланатын жауап пен түсіндірмемені таңдаңыз.








«Зиянды» немесе «пайдалы» озон



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет