Оқу сауаттылығы Кепілдік талоны (1с)



бет9/12
Дата11.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#136974
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
16. Жел электр стансасы (1а)
Адамдардың көбі келешекте электр қуатын өндіру үшін мұнай мен көмірдің орнына жел қондырғыларын пайдаланатынына сенеді. Төмендегі суретте қалақтары жел күшімен айналатын жел электр стансасы көрсетілген. Қалақтар айналған кезде генераторлар электр қуатын өндіреді.



Сұрақ:

Теңіз деңгейінен биіктік неғұрлым жоғары болған сайын, тұрақты жел жылдамдығы мен жел электр стансасының қалақшаларының айналуы соғырлым баяулайды.


Желдің жылдамдығы жоғары жерлерде жел электр стансасы қалақшаларының баяу айналуын қай тұжырым жақсы дәлелдейді?

A. Теңіз деңгейінен қаншалықты жоғары болса, ауа тығыздығы да соншалықты азаяды.


B. Теңіз деңгейінен қаншалықты жоғары болса, температура да соншалықты төмендейді.
C. Теңіз деңгейінен қаншалықты жоғары болса, ауырлық күші соншалықты азаяды.
D. Теңіз деңгейінен қаншалықты жоғары болса, жаңбыр да жиі жауады.

17. Үлкен каньон (2)

Үлкен Каньон АҚШ-ғы шөлдердің бірінде орналасқан. Ол – тау жыныстарын құрайтын көп қабатты үлкен және терең каньон. Бір кездері жер қыртысының қозғалысынан осы қабаттар жоғарыға көтерілді. Қазіргі таңда үлкен каньонның тереңдігі кейбір жерлерде 1,6 км-ге жетеді. Каньон шетінде Колорадо өзені ағып жатыр.


Үлкен Каньонның оңтүстік шетінен жасалған суретке қараңыздар. Каньон баурайынан әртүрлі тау жыныстарының қабаттарын көруге болады.





Сұрақ:

Үлкен Каньондағы температура 0 мен +40 градус арасында өзгеріп тұрады. Үлкен Каньон шөл болып есептелсе де, жартастардағы жарықтарында су бар. Температураның өзгеруі мен жарықтардағы су тау жынысының эрозиялық бұзылуына қалай әсер етеді?


А. Мұздай су жылы тастарды ерітеді.
В. Су жартастарды бірге бекітеді.
С. Мұз тас бетін тегістейді.
D. Мұздай су тау жарықтарында ұлғаяды.

18. Гені модификацияланған дақылдар (2)

Төмендегі мақалада аталмыш зерттеу туралы толығырақ мәлімет берілген:

  • Жүгері бүкіл ел аумағы бойынша 200 алқапқа отырғызылды.

  • Әр егістік екіге бөлінген. Бір жартысында жаңа, жойқын гербицидпен өңделген гені модифицикацияланған жүгері , ал екінші жартысында кәдімгі гербицидпен өңделген жүгері өсірілген.

  • Жаңа гербицидпен өңделген гені модификацияланған жүгеріден табылған жәндіктер саны қарапайым жүгеріден табылған жәндіктер санымен шамалас.



Сұрақ:

Жүгері бүкіл ел аумағы бойынша 200 алқапқа отырғызылды. Ғылымдар неліктен бірнеше алқапты қолданды?





  1.  Гені модифицикацияланған жаңа жүгеріні неғұрлым көп фермеда сынап көру үшін..

  2. Олар қанша гені модифицикацияланған жүгері өсіретінін көру үшін.

  3. Гені модифицикацияланған жүгеріні мейлінше үлкен алқаптарда өсіру үшін.

  4. Жүгерінің әртүрлі жағдайда өсетінін тексеру үшін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет