Оқу сауаттылығы Кепілдік талоны (1с)



бет2/12
Дата11.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#136974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2 нұсқа (1)

Фермерлік сүт өнімдері
«Сүттің тағамдық құндылығы: пайдасы оның көл-көсір
«Фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының сүт өнімдерінің құрамында негізгі қоректік заттар: кальций, ақуыз, D витамині, B12 витамині, рибофлавин және калий бар. Осы витаминдер мен минералдардың арқасында «Фермерлік сүт өнімдерін» дұрыс тамақтанудың маңызды бөлігіне айналды. Аталмыш сауда маркасының сүт өнімдерін күнделікті тұтыну – ағзаға қажетті барлық дәрумендер мен минералдарды қамтамасыз етудің таптырмас амалы. 
«Фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының сүт өнімдерін күнделікті рационға енгізу салмақ тастауға ықпал етеді әрі дененің қалыпты массасын сақтауға көмектеседі. Сүт сүйекті қатайтып, беріктігін арттырады. Тіпті жүрек-қантамыр жүйесін нығайтып, қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Бір стақан сүт тұнған дәрумендер мен минералдардың кені әрі денсаулыққа пайдасы көл-көсір.
Медицина ғылымының докторы, Ирвайндағы Калифорния университетінің клиникалық педиатрия профессоры Билл Сирстың пікірінше, сүт құрамында көптеген маңызды элементтер бар. Бұл пікірді Халықаралық сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы (IDFA) да құптайды. Тіпті Халықаралық сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығының (IDFA) денсаулық сақтау саласы мамандары мен ұйымдар бұл пікірімен келісер еді деп есептейді:
Сүт құрамында ең маңызды тоғыз қоректік зат түгел қамтылған. Сүт кальций мен D витаминінің кенен көзі ғана емес, сонымен қатар оның құрамында А витамині, ақуыз және калий көп. Дәрігерлер сүт өнімдерін жиі тұтынуға кеңес береді. Дұрыс тамақтанудағы сүт өнімдерінің рөлін нутрициология (тағамтану) мен ғылыми қауымдастық әлдеқашан мойындаған. Бұлардың қатарында Ұлттық остеопороз қоры, АҚШ денсаулық сақтау ведомствосының басшысы, ұлттық денсаулық сақтау институты, Америка медицина қауымдастығының ғылыми кеңесі және денсаулық сақтау саласындағы басқа да көптеген жетекші ұйымдар бар. 
Халықаралық сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы, 2007 жыл, 27 қыркүйек

Мәтіннің негізгі мақсаты не?


A. Сүт өнімдері салмақ тастауға ықпал ететінін хабарлау. 


B. «Фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының өнімдерін тұтынуды қолдау.
C. Адамдарды жүрек-қантамыр ауруларымен байланысты қауіп-қатер жайында хабардар ету.
D. «Фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының сүт өнімдерін басқа маркалармен салыстыру. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет