Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз


Мәтін мазмұнына қатысты мақалды табыңыз



бет51/59
Дата25.04.2022
өлшемі136,15 Kb.
#32234
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Байланысты:
Оқу сауаттылығы (1)

131. Мәтін мазмұнына қатысты мақалды табыңыз.

А) Әркімнің шыққан тауы биік

В) Атасын сыйлаған абыройға бөленер

С) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Д) Ақылды мақтанса, істі тындырар

Е) Жамандықты көп қусаң, құтылмас пәле жолығар



132. Әкесі Қасымға неліктен қынжылды?

А) Жалғандыққа құмарлығына В) Жалқаулығына С) Мақтанқұмарлығына

Д) Тентектігіне Е) Сотқарлығына

133. Мәтіннің қорытынды бөлімінде әкенің қай қасиеті көрінеді?

А) Қарапайымдылығы В) Ойшылдығы С) Даналығы

Д) Бірбеткейлігі Е) Қаталдығы

134. Неліктен Қасымның беті қызарды?

А) Ентігіп жүгіруінен В) Ұялғандығынан

С) Өзінің ұяңдығынан Д) Күннің ыстықтығынан

Е) Қатты шаршағынан




3.25-мәтін

1. Пілдер – ежелгі тұмсықтылар тобынан біздің заманымызға жеткен жалғыз жануар. Бұрын олардың түрі 40-қа жеткен болса, бүгінде үш қана түрі бар. Саванналық африка пілдері, африкалық орман пілдері және азиялық пілдер. Пілдің дене тұрқы – 6-8 метр, салмағы 9 тоннадай болады. Олар 70-80 жыл өмір сүреді. Негізгі ерекшелігі – үстіңгі ерніне жалғасқан ұзын ет тұмсығы (хобот). Олар мұны адамдардың қолындай пайдаланады. Сол арқылы заттың иісін біледі, сезеді және орап ұстайды. Піл тұмсығы бір мезгілде 7,5 литр суды ұстап тұра алады. Пілдердің көздері жақсы көрмейді, есесіне олар ешбір жаратылыс сезбейтін иісті сезіп қояды. Оның тұмсығында 40 мыңннан астам рецептор бар. Пілдің кейбір тұстарындағы тері қалыңдығы -4-5 сантиметр болады.

2. Пілдер мұңаяды, уайымдайды, сағынады, ағайындарына көмектеседі, музыкамен айналысады, сурет салады. Өздерінің дене көлеміне қарамастан олар епті және тез қозғалғыш келеді және олардың тепе-теңдік сақтау қызметі жақсы дамыған. Басқа ірі сүтқоректілер секілді пілдер ыстыққа қарағанда салқын жерді жақсы көтереді. Күннің ең ыстық уақытын көлеңкеде өткізіп, денесін салқындату мен жылу алмасуды жақсарту үшін үздіксіз құлақтарын қағады. Олар суға шомылып, өздерінің үстеріне су құйып, батпақ пен шаңда аунағанды ұнатады. Бұл әрекеттер терілерінің құрғап кетуінен, күнге күюден және шыбын-шіркейдің шағуынан қорғайды.

3. Пілдер – отбасылық өмірді қадір тұтатын жануарлар. Олардың аналықтары әрқашан отбасымен бірге өмір сүреді, өлгенде немесе адамдар ұстап алғанда ғана бөлінуі мүмкін. Олар топ-тобымен жүреді. Топтағы пілдер саны 6 мен 12-нің аралығында болады. Ал аталық пілдер 12 жасқа таянғанда отбасынан бөлініп шығады. Дүниеге жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік тұра алады. Салмағы 120 кг-ға жуық болады. Туғанда көзі соқыр болғандықтан, анасының тұмсығына арқа сүйейді. Жаңа туған пілдің өмір сүруге қабілеті болмағандықтан, анасы мен олардың тәжірибелі мүшелері оны үйрете бастайды. Анасы оған бірнеше күтуші таңдап, өзі сүтін көбейту үшін азық жинауға кетеді. Пілдер күніне 100 литр су ішіп, 300 кг шөп жей алады. Пілдер тәулігіне 3 сағат шамасында ғана ұйықтайды. Жалпы олардың өмірінің басым бөлігі тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 сағатын осыған арнайды.

4. Пілдер - Африка мен Азияның қалың ормандарында және ашық өлкелерінде мекендейді. Азия пілдерінің мекендейтін аймағы: Оңтүстік және Солтүстік-шығыс Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Бутан, Бангладеш, Мьянма, Тайланд, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Оңтүстік-батыс Қытай, Малайзия, Индонезия және Еуропа аймақтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет