Сұлтанмахмұт Торайғыров



Дата10.01.2023
өлшемі1,12 Mb.
#60818
түріПоэма
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы өмірі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

  • Қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып, жалғастырушы суреткер

Шағын өмірбаяны

  • Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.

Шығармашылығының ерекшелігі

  • Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады.

Поэма жанрына қосқан үлесі

  • Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты . Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қайтыс болуы

  • Ауру меңдеген Сұлтанмахмұт 1918 жылдың жазында емделмек болып еліне, Баянауылға оралады. Алашорда құлап, елде азамат соғысы жүріп, бірде Колчак, бірде ақтар, бірде қызылдар билікке келіп жатқанда Сұлтанмахмұт ауылда бір жағынан емделіп, бір жағынан бала оқытып жүреді. Ауырып жүрсе де қаламын қолынан тастамай, күндіз-түні жазумен айналысады. Ауру әбден меңдеген ол 1920 жылдың 21 мамыры күні ауыр науқастан соң кайтыс болды. Сөйтіп қазақтың аса бір дарынды ақыны Сүлтанмахмұт орда бұзар отызға да жетпей, 27 жасында қыршын кетті.

Қорытынды

  • XX ғасырдың арпалыс заманында қазақ әдебиетінің ашық аспанында жарк етіп көрініп, жалт етіп ұшып түскен жарық жұлдыздарының бірі. Жоқшылықта өсіп, қиыншылықты көп көрген, нәтижесінде тіршілік-өмірден көргенін ақынның соңында қалдырған ұлан-ғайыр әдеби мұрасы оны қазақ әдебиетінің классиктері катарына косты. Күрмеуі қиын қысталаң заманда небәрі жиырма жеті-ақ жыл ғұмыр кешкен ақынның осыншама еңбек калдыруы, шығармаларындағы ұлтжандылық рухтың күштілігі, ұлтының бақытты болашағы жолындағы қайтпас күрескерлігі, азаматтық арының биіктігі, дарынының даркандығы таң қалдырады. Сұлтанмахмұттың өлеңдерін, поэмаларын, романдарын, публицистикалық мақалаларын оқып отырғанда кей-кейде тұтас бір қазақ деген халыктың бар тауқыметін қаршадай акынның бір өзі ғана қабырғасы қайыса көтеріп, бар ауыртпалык бір басына түскендей әсерде қаласыз. Иә, Сұлтанмахмұт Торайғыров — туған халқының көрікті келешегі үшін сырлы сөзімен де, баянды ісімен де барынша күрескен, «елім» деп еңіреп өткен ардагер ақын.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет