Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет220/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   515
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
232 
10.Баланың мінезінің қалыптасуына әсер ететіндер 
A)Жыл мезгілі мен есімінің дыбысталуы 
B)Ауа райы мен жыл мезгілі 
C)Ата-ана таңдауы мен ауа-райы 
D)Есімі мағынасы мен дыбыс саны 
E)Ай атауы мен есімінің дыбысталуы 
11.Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы? 
A)Күз-қыс 
B)Қыс-жаз 
C)Көктем-күз 
D)Қыс-көктем 
E)Жаз-күз 
12.Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді? 
A)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн. 
B)Есімнің мағынасына назар аударған жөн. 
C)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн. 
D)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн. 
E)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн. 
Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы
қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – 
Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері. 
Геннадий Головкиннің сұхбатынан 
(1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен 
жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған 
өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде 
де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз 
жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 
жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен 
Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды 
аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі 
сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді. 
Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен 
Леннокс Льюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі 
үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин. 
Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол 
Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді. 
Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар 
Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG 
Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы. 
Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің 
үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді. 
Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – 
Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет