«Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау» модулін информатика курсында тиімді пайдалану жолдары Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Шанарбаева Куланда Абдрамановна Мекен жайы



бет1/8
Дата06.01.2022
өлшемі47,41 Kb.
#12706
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
00080ca4-968a1cd4




«Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау» модулін информатика курсында тиімді пайдалану жолдары


Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Шанарбаева Куланда Абдрамановна

Мекен жайы: Төлеби ауданы

Бірінші мамыр а/о Қонаев көшесі №97

2014-2015 оқу жылы
Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.

Бүгінгі күн ерекшелеіктерінің бірі жаңа технолгиялардың өте шапшаң дамыу мен ақпараттың шамадан тыс көп болуы. Оны игеру мен өз қажетіне жаратуда адамның биологиялық мүмкіншіліктерінің барлық уақытта жеткіліксіз болуы. Сондықтан да, қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер жүріп жатыр. Кеңестік замандағы «дәстүрлі оқыту» кезінде өзінің функциясын орындағанмен қазіргі таңда жарамсыз болып отыр. Егер менің оқу теориям о бастан дәл қазіргідей еді деп бастасам, бұл дұрыс болмас еді және менің оқу теория дәл қазіргі жағдайда нақты қалыптасқан деп айтсам да ол дұрыс болмаған болар еді. Менің оқу теориямның фундаменті құйылып, қабырғасы енді қаланып келе жатыр. Ендеше менің оқу теориямның өзгеруіне не ықпал етті? Менің бұрынғы пайдаланған «дәстүрлі оқыту» мен қазіргі білім беруде пайдаланып жатқан конструктивті тәсілдің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде? Ұқсастықтары: екеуі де оқушылардың білім деңгейін көтеруге бағытталған, сабақ сыныпта өтеді, баға қойылады т.б. Ал осы екі тәсілдің айырмашылықтарын білу үшін, оқушылардың білім деңгейі қалай көтереміз? Сабақ сыныпта қалай (топтық, жұптық т.б.) өтеді? Оқушыларға баға (формативті не суммативті) қалай қойылады? деген сұрақтарға жауап бере отырып та білуге болады. ХХI ғасыр – бәсеке ғасыры. Марғаулықты көтермейтін ғасыр. Тек білімді ел ғана өзінің тәелсіздігі мен болашағын қамтамассыз ете аламақ. Сондықтан білім беру мен білім алу тәлідерінің өзгеруі ол заңды процесс. Менің оқу теориям да инновациялық тәсілдерге негізделіп қалыптаспақ. Қазіргі оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғары деңгейде игерте алатын және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында оқудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады. Бұл ұстаным білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуші мен үйретуші) бұрынғы авторитарлық қарым-қатынасын гуманитарлық қарым-қатынасқа өзгертіп отыр. Егер кешегі күні таным процесін біз «білім беру», «оқыту», «үйрету» деп түсінсек, бүгін бұл түсініктерді «білім алу, игеру», «оқу», «үйрену» деп өзгеріп отыр. Сонымен бірге инновациялық көзқарас оқудың негізін тек пәндер емес, ойлау мен рефлекцияға негізделген әдістер құрауы керек деп түсінеді. Менің оқу теориямдағы конструктивті әдістер педагогикалық тәсілдердің өзгеруіне алып келіп, оқушылардың өздік және өзіндік дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді, іскерлік ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатады, жағымды оқудың нысандары мен әдістерін өздігінен таңдау мүмкіншілігін береді. Сөйтіп үйренуші саналы және ерікті түрде білімді игерудегі ойлау тәсілдері мен үйрену әрекеттерін таңдайды, сол арқылы өз біліміне деген жауапкершілікті нығайтады.

Басқаша айтқанда, оқушылардың қоян-қолтық қарым қатынаста болуы, өзара бірлесе әрекет жасау, диолог арқылы «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші өзімен-өзі» («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер», «талқылау») форматтарында қарым-қатынас жасауы.

Менің оқыту теориямның басты мақсаты:



  • Оқып үйренуде білім алушы өз әрекеттерінің жемісті екендігін және өзінің білімді игеру дәрежесінің жоғары екендігін сезінетін және сенетін тиімді әрі жайлы жағдайлар жасау;

  • Оқушылардың ойлауын дамыту, өзіндегі бар білімді жаңа біліммен үздіксіз дамыту;

  • Үйрету мен үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу яғни білімді сыныптан тыс қолдану;

  • Өзара бірлесе жұмыс жасай отырып, бір – бірінің пікірін, ойын, ұсынысын тыңдай және бағалай білуге үйрету.

Сонымен менің оқу теориям бірлесе үйрену идеяларын ұсынады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымының ортақ мағынасына және соңғы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенінмен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды. Бірлескен әрекеттер таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынасты (диологты) танымның басты құндылығына айналдырады.

Диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді.

Конструктивті тәсілге негізделген менің оқыту теориям білім алушыларды келесідей білім, білік, дағды, машықтарға, түсініктерге үйретеді:


  • терең ойлану:

  • ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу, талдау;

  • өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

  • пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу, басқа да балама пікірлерді ескерту;

  • шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешу;

  • басқалармен тиімді қарым-қатынас құру.

Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып қана қоймай, өзінің білім деңгейінің қай дәрежеде екендігін анықтауға және олардың дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс- әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.

Менің оқу немесе оқыту теориямның жүзеге асу шарттары:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет