Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдаңыз. Сәйкестендіріңіз



Pdf көрінісі
бет323/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   341
9. Мәтінді тыңдаңыз. Сәйкестендіріңіз.   
№9
16 қараша күні Халықаралық төзімділік (толеранттылық) күні 
атап өтіледі. Аталған күнді 1995 жылы ЮНЕСКО халықаралық ұйымы 
өзінің 50-жылдық мерейтойына байланысты жариялаған.
Төзімділіктің  негізгі  қағидасы:  әр  түрлі  –  ұлттық,  нәсілдік, 
мәдени,  діни  және  т.б.  белгілері  бойынша  ерекшеленетін  басқа 


317
біреуді  өзіңдей  қабылдау,  өзіңе  қандай  қарым-қатынасты  қаласаң, 
басқаларға да сондай қарым-қатынас көрсету.
Әр  түрлі  тілдерде  «толеранттылық»  сөзінің  беретін  мағынасы 
да әр алуан. 
•  орыс тілінде төзімділік ұғымы шыдамдылықты, төзімділікті, 
белгілі бір нәрсеге немесе белгілі бір адамға төзу, байсалды, 
ақпейіл болу деген ұғымды білдіреді;
•  ағылшын  тілінде  тұлғаға  басқаларға  қысым  жасамай  өмір 
сүруге рұқсат етуді білдіреді;
•  француз  тілінде  басқалардың  ой-пікірлерінің  сенің   
ой-пікірлеріңмен 
сәйкес 
келмеуіне 
рұқсат 
ететін 
қарым-қатынастар;
•  қытай тілінде кең пейілді болу қабілеті;
•  араб тілінде кешірім, кішіпейілдік, қайырымдылық.
Қазақстандағы  әлеуметтік-саяси  тұрақтылықтың  сақталуына 
ықпал ету жолдары:
•  төзімділіктің жаңа тұжырымдамаларын әзірлеу;
•  төзімді  мәдениетке  қатысты  заң  базасы  мен  тәрбие-білім 
беру үрдісін жетілдіру;
•  төзімді  сана  көзқарастарын  қалыптастырудың  тиімді 
техно логияларын жүзеге асыру;
•  төзімді 
сананы 
орнатуға 
бағытталған 
саяси, 
әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру.  
Әсіресе  қазіргідей  миграциялық  үдерістер  көбейген  кезеңде 
төзімділіктің мәні зор.
(http://bigox.kz)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет