Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап



Pdf көрінісі
бет324/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   341
10. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап 
беріңіз.     
№10
Рухани  жаңғырудың  аясында  жүріп  жатқан  бірнеше  жоба 
бар.  Соның  бірі  әрі  бірегейі  –  «жаһандағы  заманауи  қазақстандық 
мәдениет» жобасы. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қандай шаралар 
атқарылуы керек? 
Ең  алдымен  жаһандық  бәсекеге  қабілетті  болу  үшін  ұлттық 
мәдениетімізді    көтеруіміз  керек.  Ол  үшін  дәстүрлі  мәдени 
құндылықтарымызды  заманауи  талаптарға  сай  жаңғыртуымыз 
керек. 
Екінші,  әлемдік  мәдениетпен  қарым-қатынасқа  түсіп,  әлемдік 
өркениеттен  өз  орнымызды  алу  үшін  халықаралық  тілдерді 
меңгеруіміз  керек.  Ол  тілдер:  ағылшын,  орыс,  қытай,  испан,  араб 
және француз тілі.


318
Үшіншіден,  мәдениетімізді  әлем  елдеріне  таныту  үшін 
ақпараттық  қоғамның  сұраныстарына  сай  цифрландыруымыз   
керек.  Мультимедиалық  смарт  технологияларды  кеңінен  қолдану 
арқылы  мәдениетімізді  насихаттауымыз  керек.  Себебі  қазіргі 
қоғамда адам дыбыстық, бейнелі, суретті, анимациялық ақпаратты 
жылдам және тез қабылдайды.
Осындай  нақты  жоспар  мен  тынымсыз  еңбектің  арқасында 
мыңжылдықтар қатпарында жатқан тарихымыз бен мәдениетімізді 
жаһан  танитын  болады.  Мәдениетімізді  тану  арқылы  мынау 
жаһандану заманында қазақ деген халық барын біліп, мойындайтын 
болады. 
Сондықтан  бұл  жобаны  іске  асыруға  тек  мемлекет  басында 
отырған билік өкілдері ғана емес қоғамның әрбір азаматы қатысуы 
керек. Әркім өз жеке бас мәдениетін көтеру арқылы тәуелсіз еліміздің 
төл мәдениетін қалыптастыратынын жақсы сезінуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет