Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдап, дұрыс/қате



Pdf көрінісі
бет326/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   341
12. Мәтінді тыңдап, дұрыс/қате  
жауаптарды белгілеңіз.   
№12
Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелікке қабылдануы тарихынан
1991 
жылы 
31 
желтоқсанда 
Қазақстанның 
өкілі   
А.Х. Арыстанбекова БҰҰ Бас хатшысына Қазақстан Республикасының 
БҰҰ-ға  мүше  болып  қабылдануы  туралы  өтінішін  жеткізді.   
Қазақстанның  өтініші  рәсім  ережелеріне  сәйкес  Бас  хатшы 
тарапынан  Қауіпсіздік  Кеңесіне  жіберіліп,  ол  1992  жылы 
16  қаңтарда  өткен  мәжілісте  қаралды.  Қауіпсіздік  Кеңесі 
өтінішті  жаңа  мүшелерді  қабылдау  Комитетіне  жіберді. 
Қазақстанның 
кандидатурасын 
қарастыру 
барысында   
Қауіпсіздік  Кеңесінің  мүше-мемлекеттері  Қазақстанның  ядролық   
қаруды  таратпау  мәселесіндегі  ұстанымын,  өтпелі  кезеңдегі 
мемлекеттің стратегиялық ядролық қарулану, оны таратпау туралы 
Шартқа қосылу мәселелерін талқылады.
Қазақстанның  өкілі  республиканың  Ұйымға  мүшелікке 
қабылдануына саяси қолдауды қамтамасыз ету және жаңа тәуелсіз 
мемлекеттің саясатымен таныстыру мақсатында, еліміздің ниетіне 
оң  көзқарастарын  білдірген  АҚШ,  Қытай,  Франция,  Ұлыбритания, 
Жапония,  Германия,  Үндістан,  Бельгия,  Египет,  Нигерия,  Бразилия 
елшілерімен кездесті.
Жаңа  тәуелсіз  мемлекеттің  БҰҰ-ға  мүшелікке  қабылдануын 
қолдаған 
және 
болашақта 
нәтижелі 
ынтымақтастықта 
болатындарына  үміт  білдірген  БҰҰ  Бас  хатшысы  Бас  Ассамблея 
төрағасымен кездесті.
1992  жылы  23  қаңтарда  Қауіпсіздік  Кеңесі  «Қазақстан 
Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы 


320
туралы  жаңа  мүшелерді  қабылдау  Комитетінің  баяндамасын» 
талқылап, Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке қабылдауды 
ұсынды.  1992  жылы  2  наурызында  Бас  Ассамблея  Қауіпсіздік 
Кеңесінің  1992  жылы  23  қаңтардағы  ұсынысын  және  еліміздің 
өтінішін  қарастырып,  Қазақстан  Республикасын  БҰҰ-ға  мүшелікке 
қабылдау туралы шешім шығарды.
Осылайша әлемнің картасында Ұйымның 168-ші мүшесі болып 
кірген  жаңа  тәуелсіз  мемлекет  –  Қазақстан  Республикасы  пайда 
болды.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануы 
жаһандану жағдайындағы халықаралық ынтымақтастық пен саяси, 
экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық 
сипаттағы  халықаралық  мәселелерді  шешуге  толыққанды  қатыса 
алуына мүмкіндік берді.
(http://e-history.kz/)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет