Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет120/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   251
Округтік приказдың құрамы. Округтік приказдың құрамына округтік әскери бастық (ол округтік приказ төрағасының рөлін атқарды), сондай-ақ оның орынбасарының рөлін атқаратын аға сұлтан кірді. Оның құрамына орыс және қазақ заседателъдері енді.

Округтік бастық офицерлер қатарынан тағайындалды. Округтің басшысы Ресейдің Ішкі істер министрінің ұсынуымен императордың жарлығы арқылы бекітілді.
Өкімет билігін шекара шебіндегі казак әскерлерінен қойылатын ішкі күзет қорғап тұрды. Сөйтіп жаңа округтің басқармасы таза әскери сипатта қалыптасты.
Семей ішкі округінің әкімшілік тұрғысынан бөлінісі сыртқы қазақ округтерінің бөлінісіне ұқсас болып шықты. Округ болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Әр ауылда орта есеппен 50-70 үй (шаруашылық) болды, ал әр болыс 10-12 ауылдан тұрды. Болыстарды сұлтандар немесе құрметті қазақтар, ауылдарды старшындар басқарды.

  1. Сайлау тәртібі. Старшындар мен болыстарды Округтік приказ бен Шекара бастығы бекітіп отырды. Аға сұлтан мен қазақ заседателі үш жыл мерзімге сайланды. Оларды Батыс Сібір генерал-губернаторы бекітті, бірақ аға сұлтан мен қазақ заседателінің сайлауына қатысуға және сайлануға барлық сұлтандар мен болыстардың, шен-шекпені бар қазақтардың да құқығы болды. Патша үкіметі Шыңғысхан ұрпақтарын билік шеңберінен шеттетуге тырысып бақты. Соңғы кездегі оқиғалардың барысы Семей ішкі округінде бірден «қарасүйек» өкілдері Тоқпан Айтуаров пен Түйте Нұрекеновтпің және басқалардың аға сұлтандар болып сайланып кеткенін көрсетті.

Округ бастығы округтік судьяның міндеттерін қоса атқарды. Семей ішкі округіндегі және сыртқы қазақ округтеріндегі болыстар мен ауыл старшындарының атқаратын қызмет түрлері бірдей еді. Олар төменгі деңгейдегі әкімшілік қызметін атқарды.

  1. Сот билігі. Округтегі сот билігі қазақтардың дәстүрлі билер сотының азғана өзгертілген нұсқасы еді, оған Ресей сотының кейбір элементтері ғана енгізілген болатын.

Ішкі қазақтардың арасындағы дау-дамайды әр болыста қосымша сайланатын алқа би, ал неғұрлым құрметті рубасыларының арасындағы дау-дамайды билер шешетін. Билердің қызметі округтік приказда бекітілетін.
Сот мәжілісі қосымша сайланған бидің төрағалығымен өтетін. Оған дауласушы екі жақтың билері де қатысатын. Қосымша сайланған би қаралған істің тағдырын, екі жақтың келісімін ала отырып, бір өзі шешетін. Бидің шешіміне риза болмаған жағдайда округтік приказға шағым түсіруге болатын. Бұл қазақтың дәстүрлі билер құқығына қарсы ұйымдастырылған шара еді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет