Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Семей ішкі округінің құрылу себептері



бет119/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   251
Семей ішкі округінің құрылу себептері. Ертістің оң жақ бетіндегі қазақтардың саны жылдан-жылға арта түсті. Мәселен, 1851 жылы онда 19 мыңдай көшпелі және жартылай отырықшы қазақтар тұрды. Олар негізінен арғын, қыпшақ, керей және уақ тайпаларының қазақтары еді.

Ертістің оң жағалауында тұрудың өзіндік ерекшеліктері болды. Ондағы қазақтар патша үкіметіне ешқандай алым-салық төлемейтін еді. Олардың оң жағалауға өткелі бері өздерінің дербес басқару орындары болған жоқ.
Қазақтар мен орыс шаруаларының арасындағы қарым-қатынас шиеленісе қалған жағдайда қай өкімет билігіне: губерниялық, тау-кен (кабинеттік) немесе казактарға жүгіну керектігі жөнінде мәселе көтерілді. Патша үкіметі ендігі жерде ішкі жақ беттегі қазақтардың арғы беттегі далалық тайпаластарымен қарым-қатынас жасап тұруына тыйым салды.
Олар шекара шебінен өткені үшін баж және жол жөндеу салығын төлеуге тиісті болды. Қазақтардың белгілі бір өкімет билігіне бағынбауы олардың жылқы ұрлауына мүмкіндік береді деп табылды. Ертістің оң жағалауындағы қазақтарды кері көшіріп жіберуге тырысқан әрекеттер жиілеп кетті.
Солтүстік-Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінде округтер бірінен соң бірі құрыла бастады. Ертістің оң жағалауындағы қазақтар, міне, сол кезде жергілікті өкімет билігіне қайта-қайта өтініш жасап, өздері үшін әлдебір «Дала думасы» тәріздес жеке басқарма құрып беруді сұраумен болды. Бірақ бұл проблеманың шешілуі ұзаққа созылды.

  1. Семей ішкі округініц ашылуы. Бір жағынан, Ертістің оң жағалауындағы қазақтармен, екінші жағынан, Томск губерниясы мен Сібір казактарының арасындағы шиеленісті оқиғалар күшейе түсті. Оның үстіне, жылқы ұрлау етек алып, елеулі құбылысқа айналды. Әдетте орыс шаруалары ұрланған малын, ең алдымен, «ішкі қазақтардан» көретін болды.

Міне, осындай жағдайда 1854 жылы «Семей облысын басқару туралы Ереже» шықты. Жаңа ереженің бір тармақшасы бойынша Ертістің оң жағалауындағы қазақтардың жаңадан Семей ішкі округі құрылды. Оның аумағының ені 300-400 шақырым, ал ұзындығы 800 шақырымға жуық болды. Ол Омбы бекінісінен Өскемен бекінісіне дейін созылды.
Империяға шын берілген қазақтардан қайтадан ант алу үшін өзірлік шаралары белгіленді. Жаңа округтің басшылық ұйымын құру негізіне аты шулы «Сібір қырғыздары (қазақтары. — авт.) туралы Жарғы» алынды. Бірақ оған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет