Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет121/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Міндеткерліктер. Алым-салық пен атқарылатын міндеткерліктер нақты белгіленді. Жергілікті қазақтар әрбір 60 бас малдан салық төлеуге тиісті болатын. Ол жалпымемлекеттік қазынаға түсетін. Қазақтарға ешқандай да жеңілдік мерзімі қарастырылмады. Олар казактардың жерін басып өткені үшін баж салығын төлеуге міндетті болды.

Меншігіндегі мал басын қасақана жасырғаны үшін жазалау шаралары белгіленді. Айыпты адамға салық бірінші жолы екі есе көп салынды. Ал екінші рет айыпты болған жағдайда салық мөлшері бірден үш есе өсірілетін, сондай-ақ күміс ақшамен 15 сом мөлшерінде өсім-пұл алынып, ісі сотқа өткізілетін. Қазақтар ішкі жолдарды жөндеп, ретке келтіруге, іссапармен келген шенеуніктерді киіз үймен, отын-сумен қамтамасыз етуге тиіс болды.

  1. Семей ішкі округін құрудың тарихи маңызы. Семей ішкі округінің құрылуы қазақтардың Ертістің оң жағалауындағы ежелгі өз жерлеріне түпкілікті және заңдастырылған құқық негізінде берік орналасып алуына мүмкіндік туғызды. Қазақтардың Ертістің оң жағалауына атақоныстарын қайтару жолындағы ХVII-ХVІІІ ғасырлардан басталған әділ күресі осылай табысты аяқталды.

Ертістің оң жағалауына қайта орналасып, бекініп алған қазақтар енді одан әрі шығысқа қарай, Ресейдің көршілес губерниясының шегіне жақындай түсті. Мұның өзі кейінірек 1880 жылы Тобыл және Томск губерниялары қазақтарының Құлынды даласының аумағында көшіп-қонып жүруі үшін жалпы аумағы 1 миллион десятина жайылымның қосымша бөлінуіне жеткізді.
1868 жылы Семей ішкі округі жойылды, оның аумағы Семей облысының Павлодар, Семей және Өскемен уездері мен Омск округінің құрамына қосылды.


Міндеткерліктер - жергілікті халық міндетті түрде атқаратын қызмет түрлері.
Жол жөндеу салығы - көшпелі қазақтардың Сібір казактарының меншігі мен бақылауындағы жерлермен жүріп өткені үшін төлейтін ақысы.


Сұлтанбет (XVIII ғасыр) - Абылайдың немере ағасы. Орта жүздің сұлтаны. Ол Ертіс бойындағы қазақтарды басқарды. Қазақтарды Ертістің оң жақ бетіне көшіруге бастама көтерушілердің бірі болған. Абылай хан қайтыс болған кезде хан тағына отырудан үміттенгендердің бірі.



«Шын берілген қырғыздар (қазақтар. - авт.) туралы. Уақыт өткен - сайын қазақтардың едәуір бөлігі Ресейдің шебіне өте бастады да, емін-еркін бос жатқан кең далаға жайғасты. Оларды казактардың бекініс-қамалдары қорғауға алды. Сөйтіп алаңсыз тыныштық тапқан және сенімді қамқорлыққа ие болған олар бірте-бірте табиғи көбейді, байып шыға келді. Қазір олардың арасында сұлтандар да, атақты қазақтар да жеткілікті. Олар: Орысовтар, Төтеновтар мен Шаншаровтар және басқалары. Патша үкіметіне шын берілген старшындар тіпті көп. Мәселен, сіңірген еңбегі мен байлығы жағынан аты шыққан Батахан Қорамсин, Алшық, Бөрібай, Айтуар сияқты тағы басқа да көптеген адамдарды айтуға болады. Империяға шын берілген қырғыздардың (қазақтардың. - авт.) арасында 1000 жылқыға дейін малы барлар аз емес... олардың сонша сиыры да бар, қойларының санында есеп жоқ... Олар осы уақытқа дейін қандай да болсын міндетті борыштар атқарудан босатылған... Ертіс пен Обь өзендерінің аралығындағы кең дала... соларға толып кетті. Олардың бірқатары мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де айналысады. Мұның өзі оларды лажсыздан отырықшы өмір салтына көшуге мәжбүр етуде...»
Броневский С. М. Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар. - СПб., 1830, 180-181-беттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет