Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Дуал - балшықтан қаланып, биік етіп салынған қоршау. Дүнгендер -



бет159/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   251
Дуал - балшықтан қаланып, биік етіп салынған қоршау.
Дүнгендер - ислам дінін ұстанатын қытай тілдес халық.
Ұйғырлар - Қытайдың батысын, Қазақстан мен Орта Азия аймағын мекендейтін түркі тілдес отырықшы халық. Маньчжурлар оларды «тараншы» деп атаған, ол жер жыртушы, диқан деген мағына береді.
Пржевальский Николай Михайлович (1839-1888) - белгілі орыс географы әрі саяхатшысы, Азия зерттеушісі.



1881 жылғы 24 ақпандағы Санкт-Петербург бейбіт келісімшартынан
«... Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп, оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі. Ресейге қоныс аударғысы келетіндер бір жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы тиіс...»
Қазақстан тарихы. Халықтар мен мәдениеттер. Оқу құралы. Алматы, 2000, 220-бет.



& 44. Қазақстанда этникалық топтардың қалыптаса бастауы


ХVІІІ-ХХ ғасырлардың бас кезінде Қазақстанның байырғы халқы өлкенің басым көпшілігін құрады. 1897 жылы Қазақстанда барлығы 4147,7 мың адам тұрған болса, соның 80 пайызға жуығы қазақтар еді. Халықтың қалған бөлігін казактар мен қоныс аударған орыс шаруалары, сондай-ақ ұйғыр, дүнген, татар, өзбек, басқа да этностың топтар құрады. 1914 жылы Қазақстан халқының саны 6 млн адамға жетті.

  1. Орыстар. Қазақстанға алғашқы болып келгендер казактар мен әскери шенді орыстар болды. Олар шекара шебіндегі әскери бекіністер мен станицаларда тұрды. Кейін Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде казак әлеуметтік тобына қоныс аударып келген шаруалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана берді.

Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары шекарадағы әскерлерді, тау-кен өндірістерінде істейтін жұмысшыларды азық-түлікпен жабдықтау міндетін шешуге тиіс еді. Шаруаларды қазақ өлкесіне кеңінен тарту үшін патша үкіметі еркін отарлау әдісін де, күш қолдана отырып, еріксіз жер аудару тәсілін де қолданды. Кейде орыс шаруаларының қатары орталықтан айыпты болып қашқан қашқындардың есебінен де толықтырылып отырылды. Мәселен, Бұқтырма өзенінің аңғарына, Алтай тауының адам аяғы жете бермейтін биік қойнауына зауыт жұмысшылары, солдаттар мен ынтымақ бұзушы секта жікшілдері қашып кете беретін. Сібір әкімшілігі қашқындардың кенттерін жою және Бұқтырма аңғарына қашудың жолын кесу үшін қанша күш-жігер жұмсағанымен еш нәрсе шығара алмады. 1897 жылы Алтайда 90 мыңға жуық орыс шаруалары болды.
Қазақстанда орыс халқының саны XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қызу қарқынмен өсті. Бұл кезеңде Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалар Қазақстанға жаппай көшіріле бастаған болатын. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыстардың саны 544 мың адамға жетті. Олар қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың 12,8 пайызы болды. Орыс халқының негізгі бөлігін қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейін казактар (33 пайыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) және басқалары құрады. Қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара шаруашылық-мәдени алмасулар орын алды. Орыс қызы Мария Рекинаның есімі бүкіл қазақ даласына белгілі болды. «Дударай» әнін орыс қызы өзі ғашық болған қазақ жігітіне арнады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет