Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет162/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Немістер. Немістер Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді. Олардың едәуір бөлігі Балтық бойы губернияларынан еді. Сібір шекара шебінің басшылары қызметін атқарған 13 адамның көпшілігі немістерден шыққан генералдар болатын. Олар X. Т. Киндерман, И. Крафтп.Д. Риддер, К. Ф. Фрауендорф, Г. Г. Вейрман, И. Шпрингер, И. Клапье де Колонг, Г. Э. Штрандман, Г. И. Глазенап және басқалары еді. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы К. П. фон Кауфман да, Торғай облысының әскери губернаторы Л. Ф. Баллюзек те, Дала өлкесінің генерал-губернаторы М. А. фон Таубе де неміс ұлтынан еді.

Немістер жергілікті халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын зерттеудің бастамашылары бола білді. Дәрігерлер, мұғалімдер, тау-кен инженерлерінің арасында да неміс ұлтының өкілдері аз болған жоқ. Немістер негізінен Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен, Жәмішев сияқты тағы басқа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды.
Қазақ жеріндегі немістер санының арта түсуі ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысына сәйкес келеді. Қоныс аударып келген немістер егіншілікпен айналысты, өңдеуші өнеркөсіп салаларында жұмыс істеді. Немістер сонымен қатар мұнай кен орындарын игеруде, алтын, мыс өндіруде, кен өнімдерін өңдеуде белсенділік танытты.
Немістердің өздерінің жеке ғибадатханалары және мектептері болды. Олардың арасында өзін-өзі басқару дәстүрі күшті сақталған еді. Немістердің елді мекенінде халық әлдеқайда ауқатты тұрды. Олар жинақылығымен, еңбексүйгіштігі және адалдығымен ерекше көзге түсті. Немістер өздері қауым болып жинақы қоныстанды. Олардың көпшілігі (55 пайызы) сауатты еді. Әлеуметтік сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы немістердің 85 пайызын шаруалар құрады.
1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы немістердің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысында, Омбы қаласына жақын Ақмола облысының аумағындағы Преображенский, Романовский, Канкринский сияқты поселкелерде тұрды. Олардың ендігі бір елеулі тобы Сырдария облысында да қоныстанды. Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде немістердің Еділ бойынан, Қара теңіз жағалауынан ағылып келуі күшейе түсті. Сондай-ақ немістер қазақ даласына сонау Германия мен Австрияның тікелей өзінен де қоныс аударып келді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет