Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет169/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Ауғанстандағы қазақтар. Қазақтар Ауғанстанда XIX ғасырдың 40-жылдарында пайда болды. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, қазақ сарбаздарының бірқатары патша үкіметі жазалаушы отрядының қуғын-сүргінінен құтылу үшін Ауғанстанға асып кетті. Кейінірек оларға патша үкіметінің отаршылдық саясатына наразы қазақтардың тобы барып қосылды. Сөйтіп XX ғасырдың бас кезінде Ауғанстандағы қазақтардың саны 2 мыңдай болды.

Сонымен, ХVIII-ХХ ғасырлардың бас кезінде шекаралас көрші мемлекеттердің аумағында қазақ халқының едәуір бөлігі тұрды. Рас, олардың бірқатар бөлігі ол жерлерді ежелден бері мекендейтін. Ал енді бірқатары қуғын-сүргін (катаклизм) кезінде қоныс аударуға мәжбүр болған еді.



Қазақтар тұратын елдер

Ресей

Қытай

Моңғолия

Ауғанстан

Орта Азия мемлекеттері



Диаспора - этностың басқа мемлекеттің аумағында тұратын шағын бір бөлігі, бұрынғы өз отанынан алыс жерлерге қоныстанған адамдар.
Миграция (қоныс аудару) - халықтың өз елінің ішінде немесе бір елден екінші елге қоныс аударуы, тұрғылықты орындарын ауыстыруы.
Тайпин көтерілісі - 1850-1864 жылдары Қытайда болған ірі шаруалар көтерілісі.
Катаклизм - кенеттен болған астан-кестен өзгеріс, апатты жағдай, қуғын-сүргін.
Исин Әміре (1867-1931) - Қазақстандағы көрнекті қоғам қайраткері. Ә. Бөкейханмен бірге Ф. Щербинаның экспедициясына қатысып, Қазақстанның далалық уезін зерттеуге атсалысқан. 1906 жылы жеке өзінің бастама көтеруімен Ақмола облысының Омбы уезінде үйінің тең жартысын алғашқы қазақ мектебін ашуға бөліп берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет