Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қазақстандағы патша үкіметі отаршылдық саясатының күшеюі (ХХ ғасырдың бас кезі)



бет171/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   251
Қазақстандағы патша үкіметі отаршылдық саясатының күшеюі (ХХ ғасырдың бас кезі)

Қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу

Өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты мен минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету

Қазақ жұмысшыларын қанау қатыгездік сипат алды

Қазақ өлкесіне православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді

Өлкеге қосымша әскери күш жеткізілді



2. Жұмысшы қозғалысының күшеюі. 1905-1907 жылдары жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғары жақтағы аймақтық бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап, қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты наразылық түрлеріне көше бастады. 1904 жылы Зайсан уезіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905 жылы Қазақстандағы теміржол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арада саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті.
1905 жылғы 15 қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай-ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Жақып Ақбаев Семей түрмесіне қамалды.
1905 жылғы желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай-ақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле-шала Павлодар қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, азық-түлік бағасын арзандатуды, жұмыс күнін шектеуді, тағы басқа жеңілдіктер беруді талап етті.
Осымен бір мезгілде Успенск кенішінде жұмысшылардың ірі баскөтеруі басталды. «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» құрылды. Жүмысшылар жалақыны көбейтуді, тұрмыс жағдайын жақсартуды, орыс-қазақ училищесін ашуды талап етті. Кеніш иелері олардың талаптарын ішінара қанағаттандыруға мәжбүр болды. Жалақы мөлшері едәуір көбейтілді, 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді, азық-түлік өнімдерінің бағасы аз да болса арзандатылды. Жұмысшыларға су өтпейтін арнайы киім-кешек, аяқкиім берілді. Мұның өзі қазақ және орыс жұмысшыларының алғашқы бірлесіп жасаған іс-қимылының нәтижесі еді.
Қазақстандағы жұмысшылардың мұндай баскөтерулері мен ереуілдері, әсіресе теміржолшылардың арасында кеңінен қанат жайды. Революция жылдарында өлкедегі теміржолдарда пойыздардың жүріп-тұруы талай рет тоқтап қалды. Теміржол жұмысшылары 8 сағаттық жұмыс күнін ешкімнің, ешқандай әкімшіліктің келісімінсіз-ақ өз беттерімен орнатып алды. Олар алғашқылардың бірі болып жұмысшы кәсіподақтарын құрды. Жұмысшылардың бекеттерге, жол бөлімшелеріне, кейде тіпті бүкіл теміржолға басшылық жасауды өз қолдарына алған кездері де болды. Олар патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы тұру үшін жауынгерлік жұмысшы жасақтарын құрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет