Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Омбыда оқуда болған жылдары. 1847 жылы



бет213/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

2. Омбыда оқуда болған жылдары. 1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті. Бұл оқу орны Сібірдегі жоғары білікті мұғалімдер жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Шоқан алғашқы жылдан өзінің оқуға қабілеті мен бейімділігін танытты. Ол әскери пәндерді, сондай-ақ жалпы білім беретін басқа да пәндерді және шет тілдерін зор ынта қойып, құмарта оқыды. Осында жүріп те шығыс тілдері саласындағы білімін елеулі түрде тереңдете түсті. Ол орыс тілін тамаша меңгерді. Қосымша әдебиеттерді көп оқыды. Кадет корпусының басшылары оған болашақтағы зерттеуші-шығыстанушы ретінде қарай бастады. Омбыда Шоқан география, шығыстану, философия, тарих жайындағы басылымдардан бай кітапхана құрап алды. Омбыда болған кезінде орыс зиялыларымен байланыста болуы Шоқанға үлкен әсер етті.
Кадет корпусында Шоқанмен бірге оқыған С. Я. Капустин ол туралы: «Шоқан көрікті, аса сымбатты болды... бет әлпеті оның қайырымдылығы мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз кезеңінің жан-жақты, аса терең білімді адамы болды.
Әсіресе оның тарихи білімі зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор білімділігімен ерекиіеленетін. Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткізе білетін асқан шешен болатын», - деп жазды.
Шоқан кадет корпусында белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г. Н. Потанинмен бірге оқып, достасып кетті.
Шоқан аса көрнекті орыс және шетел ақындары мен жазушылары А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Н. Гогольдің, Ч. Диккенстің және басқалардың шығармаларын зор сүйіспеншілікпен қызыға оқыды.
Шоқан кадет корпусын корнет шенімен бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторының адъютанты болып тағайындалды. Қызмет орнында Шоқан Сібірдің шенеуніктік аппаратымен бетпе-бет келіп, өкіметтің заңсыз әрекеттеріне қатты күйінді. Өкімет орындарының озбырлығы жайлы достары Ф. М. Достоевскийге, А. Н. Майковқа, К. К. Гутковскийге, В. С. Курочкинге ызалы хаттар жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет