Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет63/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

& 16. Ақмола бекінісінің салынуы


ХІ-ХІІІ ғасырларда қазіргі Астананың шет аймағында қыпшақтардың Возоқ деген ортағасырлық қаласы болған. Ол сауда жолдарының тоғысқан торабында еді. Бұл қаланың атауы Ресей картасына алғаш рет 1694 жылы енгізілді. XIX ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде мұнда Ақмола сыртқы округі орталығы салына бастады.

  1. Жаңа округ ашуға әзірлік. 1824 жылы екі округтік приказ - Көкшетау және Қарқаралы приказдары ашылды. Қаржы тапшылығының салдарынан өзге сыртқы округтерді ашу едәуір кейінге қалдырылған болатын. Бұл жағдай Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы сұлтан бастаған жергілікті ақсүйектерді бейжай қалдыра алмады. Дербес Сібір корпусы штабының бастығы генерал-майор С. Б. Броневский өзінің Омбыға жолдаған рапортында: «Сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы басқаратын Қарпық болысы Ақмола шатқалында округ ашуды сұрайды» деп жазды.

Сұлтанның қайта-қайта жасаған өтініші жаңа округтің ашылуын әлдеқайда жылдамдатты. Батыс Сібір генерал-губернаторының бұйрығы бойынша Петропавл бекінісінің коменданты подполковник Ф. К. Шубин 1830 жылы жазда құрамында 200 казак отрядын бастап, қажетті жүктері мен азық-түлік қоры тиелген керуенмен болашақ бекініс салынатын жаққа бет алды.
Құрылыс салуға неғұрлым қолайлы жер деп Ақмола шатқалы таңдап алынды. Бұл шатқалды жергілікті халық ежелден ерекше құрмет тұтатын. Мұнда бекініс салудың бірнеше басты-басты себебі болды. Біріншіден, болашақ округ орталығына таяу жерде Есілдегі жүк тиелген сауда керуендері тоқтай алатын Қараөткел атты өткел бар еді. Екіншіден, өзеннің екі өңірін алып жатқан шөбі шүйгін мал жайылымы мен көк жасыл кең жазира қызықтырды. Үшіншіден, экспедиция мүшелері отын етіп жағуға болатын талды тоғайға да назар аударды. Ақыр соңында, жаңа орын стратегиялық жағынан да қолайлы болып шықты. Өйткені ол Орта жүздің ең ірі рулары көшіп-қонып жүретін аймақтың қақ ортасында жатты.
Округтік орталықтың алғашқы атауы көшпелі қазақтарға ежелден белгілі Ақмола болып аталды. Кейінірек орталық басқа орынға ауысты. 1830 жылы бекініс Есілдің оң жақ бетіне салына бастады.
Бірақ оның алғашқы атауы сол күйінде сақталып қалды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет