Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет129/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

1868 жылғы маусымның бас кезінде Орал облысындағы көтеріліс өзінің шырқау шегіне жетті. Қарапайым көшпелі халықтың ашу-ызасы енді жергілікті ақсүйектерге де қарсы бағытталды. Жаңа ережені қабылдауға келісім берген ақсүйектердің ауылдарына шабуыл ұйым дастырылды.
Торғай мен Орал облыстарындағы көтерілістің кеңінен өрістеуі патшалық Ресейдің жергілікті әкімшіліктерін ғана емес, оның орталық үкіметінің де мазасын кетіріп, үрейін ұшырды. Сондықтан да оны аяусыз басып тастау үшін патша үкіметі Петербургтан, Мәскеуден, Харьковтан және Қазаннан жалпы саны 5 мыңға жуық солдаты бар жазалаушы әскер жіберді. Соның ішінде Орал облысында подполковник Рукин мен Веревкин бастаған жазалаушы әскерлер жойқын қимыл көрсетті.
Көтеріліс нашар ұйымдастырылды, күтпеген жерден стихиялы түрде бұрқ ете қалды, оның жекелеген басшыларының арасында келісілген ауызбірлік те болмады. Соның салдарынан ол жеңіліске ұшырады. Әрине, бұған дейінгі көтерілістердегі сияқты, бұл жолы да оған өз мүддесі үшін уақытша қатысқан бірқатар старшындардың сатқындық әрекеттері де көтерілістің жеңілуіне жеткізді.
2. Маңғыстаудағы көтеріліс. Жаңа ереже енгізілгеннен кейін Маңғыстау түбегіндегі адайларда жер мәселесі қатты шиеленісіп кетті.
1870 жылдың наурызында Маңғыстау приставы подполковник Рукин құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбірегі бар әскери жасағын бастап және беделді деген рубасыларын ертіп, Құрып деген жерде Хиуаға қарай көшіп бара жатқан ауылдардың алдынан шықты. Оның бұл қылығы қазақтардың көтеріліске шығуына түрткі болды. Бозашы деген жерде Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы 200-ге жуық қарулы қол жинады. Кескілескен шайқас басталып кетті. Көп ұзамай Рукин бастаған әскери жасақ тас-талқан болып жеңілді. Жаралы болған Рукин өзін өзі атып өлтірді. Бұл жеңіс көтерілісшілердің рухын көтеріп, оларды жігерлендіре түсті.
Көтеріліс Маңғыстау түбегін түгел қамтыды. Александровск фортының және Николаев станицасының балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай наразылық білдірді. Қайықтарды тартып әкету басталды. Сарытау шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар өздерінше флотилия құрып алды. Кейінірек ол флотилия Алексан- дровск фортын қоршауға қатысты. Көтеріліске қатысушылардың саны 10 мың адамға жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет