Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет174/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Шәймерден Қосшығұлұлы I және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі ислам дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.
5. II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары. Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Сондықтан да 1907-1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Қостанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингілері болып өтті. Ә. Бөкейхан Выборг үндеуіне қол қойды.
Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған болатын.
Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т. Седельников, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т. Седельников Мемлекеттік Дума мәжілісінде былай деп ашық айтты: «Жүздеген мың қырғыздар... мүлде жерсіз қалып отыр, ұлтпарақтпай ғана болмашы жері бар қырғыздардың саны кем дегенде миллионға жетпеді». Қазақтардың жерге қатысты құқығын башқұрт Ш. Сыртланов, татар депутаты С. Максудов қорғады.
Закавказьелік депутат X. Мамедов III Мемлекеттік Думаның мінберінен бүкіл мұсылман фракциясының атынан сөйлеген сөзінде Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды Қазақстанға жаппай қоныс аудартуды онда қазақтардың жерге қатысты заңды құқықтары шешілгенге дейін тоқтата тұруға шақырды. Қазақтың белгілі саяси қайраткерлерінің бірі Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және ІV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кіріп, ондағы мұсылман депутаттардың назарын қазақтардың бастан кешіріп отырған ауыр халіне аударды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет