Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады



бет175/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   251
6. Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды жерге қатысты мәселелерді дәйекті түрде батыл көтере білді.
Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқы мен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.


Мемлекеттік Дума - Ресейдің 1906-1917 жылдардағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы.
Кәсіподақтар - жұмысшылардың мүддесін қорғайтын ұйым.
Кадеттер - конституцияшыл демократтар. Қоғамның демократиялық құндылықтар негізінде біртіндеп дамуын жақтаушылар.
Революция - қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.
Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов (1871-1927)- Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Орынбор округіндегі, одан соң Ақтөбе уезіндегі сот орындарында қызмет істеген. I және П Мемлекеттік Думаның Торғай облысынан сайланған депутаты.
Бақытжан Қаратаев (1863-1934) - Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, сұлтандар тобының өкілі, Әбілқайыр ханның шөбересі. 1890 жылы Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген.
Темірғали Нұрекенов (1858-1918) - І Мемлекеттік Думаның Семей облысынан сайланған депутаты. Томск губерниясына қарасты Барнауыл округіндегі атақты бай, 12 мың жылқы біткен Нұрекеннің немересі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет