Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Екінші сайланған Мемлекеттік Дума депутаттарыныц мәлімдемесі



бет176/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Екінші сайланған Мемлекеттік Дума депутаттарыныц мәлімдемесі
«Соңғы қабылданған заңдар бойынша артық жерді алуға жергілікті қырғыздардың (қазақтардың. - авт.) жер мәселесіне қатысты мұқтажын барынша өтегеннен кейін ғана кірісуге және қоныс аударушылар үшін жер телімдерін сол алынған жерлердің есебінен беруге рұқсат етілген еді.
Ал қазір, жер өлшеуші партиялардың жүргізіп жатқан жұмыстарынан көрініп отырғанындай, олардың қызметі тек қоныс аударушылар үшін жер телімдерін алуға бағытталған. Қырғыздардың жерге қатысты мұқтажын барынша қамтамасыз ету жөнінде ойланып жасалған қағида мүлде ұмыт қалып отыр және ондай басы артық жерлердің бар-жоғы мұқият зерттелінбеген.
Мемлекеттік Дума депутаттарының пікірі бойынша, басы артық жерлерді анықтау - бір ғана жеке облыстың емес, барлық облыстардың: Закаспийск, Орал, Торғай, Сырдария, Ақмола және Семей облыстарын жан-жақты әрі мұқият зерттегеннен кейін ғана мүмкін болатын нәрсе... Әлдебір жеке болыстағы табиғи сумен суарылатын ұлтарақтай бір тұтам жерін алып қоюдың өзі қырғыздарға ауыр зардаптар әкелері анық... Депутаттар шаруалардың қоныс аударуын дереу тоқтату керек және далалық облыстардағы қырғыздарды жерге орналастыруға жедел түрде кірісу қажет деп санайды...»
Қазақтардың жерді пайдалану жөніндегі кеңесінің журналы. СПб., 1907, 125-126-беттер.



& 48. Қазақтың петициялық қозғалысы


XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында петициялық қозғалыс елеулі түрде етек алды. Қазақ халқы өзінің өмірлік маңызы бар шұғыл да өзекті мәселелерін петициялар жолдау арқылы шешуге тырысып көрді. Ол петицияларда жер, дін және халыққа білім беру саласындағы алуан түрлі талаптар қойылды.

  1. Петициялық қозғалыстың басталуы. Қазақ халқының өз құқықтарын қорғау жолындағы күресінің өзіндік ерекшелігінің бірі алуан түрлі петициялар (өтініш-талаптар) жолдау болды. Ондай петициялар 1902-1907 жылдары жазылып, жоғары билік орындарына жолдана бастаған еді. Оларда қазақ халқын христиан дініне енгізу саясатын тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажетті жағдайлар жасау, молдалардың қызметіне кең жол ашу жөнінде нақты талаптар қойылды. Ондай алғашқы петициялар жолдаудың бастамашылары алғашқы кезде дін қызметкерлері болды. Уақыт өте келе жағдай өзгере түсті. Бірінші орыс революциясы жылдарында петициялар жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкілдері өз қолдарына алды.

Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернияларға, генерал-губернаторларға, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры II Николайдың атына да жолданды.
Петициялар Қазаннан, Оралдан, Лепсіден, Қарқаралыдан және басқа да жерлерден жөнелтіліп жатты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет