Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет198/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды. Ол зауыттар мен фабрикалар үшін, сондай-ақ көлік саласындағы қызмет үшін орта білімді басшы маман кадрлар даярлауға тиісті болды.
Омбы малдәрігерлік-фельдшерлік мектебінде көптеген қазақ балалары оқыды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Омбының оқу орындарында қазақ халқының көрнекті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Айдархан Тұрлыбаев, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Ережеп Итбаев, Сейілбек Жанайдаров, Асылбек, Мұратбек және Мұсылманбек Сейітовтер, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошке Кемеңгеров, Дінше Әділов, Смағұл Сәдуақасов, Ғаббас Тоғжанов, Жұмат Шанин, Әбілқайыр Досов, Бірмұхамед Айбасұлы, Әміре Исин, Мұқан Әйтпенов, Колбай Тоғысов, Нығмет Нұрмақов сияқты көптеген азаматтар оқып бітіріп шықты. Олардың бәрі де халық ағарту ісіне, Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демократиялық қозғалысқа, сондай-ақ туып-өскен өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеуге лайықты үлес қосты. Басым көпшілігі кейінірек, Кеңес өкіметі кезінде, саяси қуғын-сүргінге ұшырады, атылып кетті.

  1. Ресей империясының жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттері. Бірінші орыс революциясының ықпалымен қазақтың ұлттық сана-сезімі айтарлықтай түрде өсті. Неғұрлым алыстан болжап, көре білетін қазақтар өздерінің балаларын Ресей мен шетелдердің орта және жоғары оқу орындарына оқуға жіберетін болды. Олар білім алуды өздерінің тапталып, аяққа басылып келген құқықтарын бұдан былайғы жерде сеніммен қорғаудың кепілі деп білді. Қазақ жастары елеулі бөлігінің заң факультеттерін таңдауы тіпті де тегін емес еді. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында тек Қазан қаласының өзінде ғана (императорлық Қазан университетінде, Қазан малдәрігерлік институтында, Қазан мұғалімдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жастары білім алды. Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стамбұл және Варшава университеттерінде оқыды. Мәселен, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін М. Шоқай мен А. Тұрлыбаев алтын медальмен бітіріп шықты. Ал



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет