Ә. Бөкейхан Санкт-Петербург Орман институтын, С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери медицина академиясын,
А. Сейітов Томск университетінің медицина факультетін, Ж. Досмұхамедов Тарту университетінің заң факультетін,
М. Ғабдолғазизов Каир университетін, О. Тұрмағанбетов Бомбей университетін, X. Нұржанов Киев университетінің заң факультетін бітірді. Басқа да көптеген қазақ студенттері жоғары білім алды.
Қарқаралыдан түлеп үшқан Дінмұхамед Сұлтанғазин өте сирек кездесетін талантты студент болды. Ол Томск университетінің медицина факультетін, Санкт-Петербург университетінің шығыстану және заң факультетін бітіріп шықты. Петербург әйелдер медицина институтын Гүлсім мен Мәриям Асфендияровалар бітірді.
Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың күшейе түсуіне, өз алдына автономия алуға ұмтылысына жеткізді.
Санкт-Петербург
Қазан
Мәскеу
Томск
Саратов
Қазақ жастарының Ресей империясы мен шетелдердің жоғары оқу орындарында оқыған қалалары