Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Дала өлкесінде ауыл мектептерінің пайда болуы. 1901 жылғы маусым



бет197/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

4. Дала өлкесінде ауыл мектептерінің пайда болуы. 1901 жылғы маусым айында Дала генерал-губернаторы Сухотин Ақмола және Семей облыстарының әскери губернаторларына орыс-қазақ мектептерін ашуға ұсыныс жасады. Алғашқыда бұл идеяға қазақтар қауіптеніп сақтықпен қарады. Балаларын орыстандырумен қатар шоқындырып жібереді деп қауіптенді. Қазақтың және бір қорыққан жағдайы - орыс-қазақ мектептері арқылы балаларды орыс шаруаларына айналдырып жіберер, содан соң әскер қатарында міндетті қызмет атқаруға мәжбүр етер деп шошынды.
Сондықтан Ақмола облысындағы Халық училищесінің директоры А. Е. Алекторов ел арасында жаңа мектептерді ашудың мақсат-міндеттерін түсіндірді. Орыс-қазақ мектептерінің материалдық базасын қамтамасыз етуге баса назар аударды. Оқудың қазақтың ана тілінде жүргізілуі туралы айтты. Сонымен қатар ол қазақ өлкесін шоқындыруға бағытталған діни миссионерлік қызметін де белсенді түрде өрістете түсті. Олардағы оқу мерзімі екі жыл еді. Оқушылар қазақ және орыс тілдерін, арифметиканы оқыды. Кейінірек ислам дінінің негіздерін оқытуға да рұқсат етілді. Бірақ бұл ретте жұмсалатын қаржыны мұсылмандар өз қалталарынан төлеуге тиісті болды. Қазақ балалары оқу-білімге өте қүштар болды. «Олар қандай мақтауға болса да лайықты, білімді тез меңгеріп алады, оқуға қабілетті келеді», - деп жазды орыс зерттеушісі Ф. Собысевич.

  1. Омбы — Далалық өлкенің ірі білім орталығы. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің бірі С. Сәдуақасовтың пікірі бойынша, Ақмола облысының Омбы уезі Қазақстанның ең ірі ағартушы аймақтарының бірі болды. Ал Омбы қаласы іс жүзінде бүкіл Қазақстан үшін ең әйгілі білім орталықтарының біріне айналды. 1789 жылы Омбыда Азия мектебі ашылды. Ол отаршыл аппарат үшін шенеунік кадрлар даярлаумен айналысты. XIX ғасырдың бас кезінде қазақ ақсүйектері өздерінің балаларын Омбыдағы оқу орындарына жібере бастады. 1872 жылы Омбыда мүғалімдер семи- нариясы ашылды. Ол іс жүзінде бүкіл Қазақстан үшін мұғалім кадрларын даярлайтын орталыққа айналды. Онда бастауыш училищелер үшін мұғалімдер даярланды.

Омбыда, сондай-ақ Көкшетау мен Ақмолада қазақ балалары үшін сол жерде жатып оқитын интернаттар ашылды. Оларға жұмсалатын шығынды қазақтар қайырымдылық көмек есебінен өздері төлейтін болды. Әр қазақ болысынан оқуға жылына 2 баладан жіберіп тұруға келісілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет