Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


«Алаш» - халықтың аңызы бойынша «Алты алашты» түркі халықтарын құраған тайпалардың арғы атасы. Бөкей хан



бет194/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   251
«Алаш» - халықтың аңызы бойынша «Алты алашты» түркі халықтарын құраған тайпалардың арғы атасы.
Бөкей хан (1737-1817) - сұлтан, хан. Көкжал Барақтың баласы, Әлихан Бөкейханның арғы атасы.



«Біз өзіндік, бірегей ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, бұрынғы дәстүріміздің негізінде қазіргі заманғы озық мәдениет пен әдебиетімізді қалыптастыруымыз қажет. Сонда ғана «қазақ» деген атымызды сақтап қала аламыз» (Ә. Бөкейхан).



Жетінші бөлім
Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі
& 52-53. Оқу-ағарту ісі


Көшпелі халыққа жаппай білім беру ісіне кедергі болған не нәрсе еді?
1. Қазақтың дәстүрлі білім жүйесі. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты қатты сынаған. Орыстың белгілі тарихшысы А. Седельников бұл туралы былай деп жазды: «Азияда көшіп-қонып жүретін түркілердің ішінде қырғыз-қазақтар басқаларға қарағанда мәдениетті халық. Сондықтан олардың болашағы мол. Бұл халық жаңалықты бойына тез сіңіреді екен».
Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.
Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3-4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медидина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.
Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медре- селер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет