Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Ы. Алтынсариннің жастарды прогреске, білімге, мамандық алуға шақыруы



бет205/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   251
Ы. Алтынсариннің жастарды прогреске, білімге, мамандық алуға шақыруы

Ол жастарға теміржолдар мен электр қуатының, егіншілік кәсібінің, телеграфтың және әртүрлі қолөнердің пайдасы туралы түсіндірді

Қазақ жастарына тері илеу, сабын қайнату, май шайқау және кірпіш күйдіру, көзе жасауды үйретуге тырысты

Қолөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсады

Жастарға жаңа машиналарды қалай пайдалану, ауру малдарды қалай емдеудің және зиянды жәндіктерге қарсы қалай күресудің тәсілдерін үйретуге тікелей өзі де қатысты

Қолөнер кәсібі, бау-бақша егу, мал өсіру және диқаншылық жөнінде жазылған оқу құралдарын іздестірді



Кредо - біреудің кәміл сенімі, дүниеге көзқарасы.
Ведомство - нақты бір мемлекетте қоғамдық өмірдің белгілі бір саласын немесе аясын басқаратын және мемлекеттік басқару органдары жүйесіне кіретін орталық мекеме.
Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим) (1841-1889) - көрнекті ағартушы, педагог, жазушы, этнограф және қоғам қайраткері.



Мұғалімдердің Ы. Алтынсарин туралы жазған естеліктерінен
«Марқұмның бүкіл өмірі өзінің сүйікті халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арналды. Ол халық өмірінің қайда бет бұрып бара жатқанын мұқият бақылап отырды және оны терең түсіне білді... Мұғалімдерге қатаң талаптар қойды, әрбір іске барынша ұқыпты қарауды талап етті, ол өз міндетіне жүрдім-бардым қарап, жұмысты шала-шарпы орындайтындарды қатаң жазалап отырды. Оқу ісін өзі қандай жанын сала жақсы көрсе, өз инспекциясына қарасты мұғалімдерден де тап соны талап етті. Ол өзінің шын жүректен шыққан тартымды әңгімелері арқылы мұғалімдерді оқу ісіне шын ниеттерімен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра білетін. Жұрттың көз алдында бізді соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелерді мұғалімдерғе ең адал ниетті азаматтар ретінде зор құрметпен әрі мақтанышпен қарауға мәжбүр етті. Ол әсіресе жас қазақ мұғалімдеріне ерекше қамқорлықпен сүйсіне қарайтын... Оны мұғалімдер де жанындай жақсы көретін... Ол өзінің жеке өмірінде де өте сүйкімді, жомарт жүректі ақ көңіл адам болды. Онымен қашан болса да, қандай мәселемен болса да емін-еркін ашық сөйлесуге, ақыл-кеңес сұрауға мүмкін еді. Қашан болса да ақ көңіл адал ниетімен ақылын айтуға, тіпті нақты ісімен көмектесуге әрқашан әзір тұратын. Қазақ халқы да оны қатты құрметтейтін. Олай ететін толық жөні де бар еді: оның есігі келем деушілердің қай-қайсысына болса да әрқашан ашық тұратын. Ол өзінің ақыл-кеңесін берумен ғана шектелмей, қиын-қыстау кезде қиналып келген адамға өз қалтасынан ақша да беріп жіберетін, кейін оны көбінесе қайтарып ала да бермейтін. Орыс тұрғындары да оған қайырымды да әділетті адам ретінде сый-құрметпен қарайтын. Қостанайдың зиялы қауымы оны сағына күтетін. Өйткені ол көпшілікпен ортақ тіл табысып сөйлесетін, отырыстың сөнін кіргізетін, көңілді де сүйкімді әңгімелер айтатын... (Мұғалім Ф. Д. Соколовтың естелігінен)
Ситдыков А. С. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. Алматы, 1968, 147-148-беттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет