Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгіт жұмыстарының нәтижесінде оқуға 16 бала



бет202/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгіт жұмыстарының нәтижесінде оқуға 16 бала жазылды. Кейінірек бұл мектептердегі оқушылардың саны арта бастады. Халық ағартушысы жүргізген үгіт жұмыстары нәтижелі болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды: «Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кірістім және мені өте қанағаттандыратыны - бұл балалар әлдеқандай үш ай- дың ішінде оқуды, тіпті жазуды үйреніп алды».
1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Оның еңбегінің арқасында білім беру саласы қазақ даласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шықты. Халықтан қажетті қаржы жинастырды. Соның нәтижесінде барлық уездерде екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашты. Оларды мұғалімдермен және оқушылармен толық қамтамасыз етті. Ол мектептердің жабдықталуына, олардың жанында шағын кітапханалар ұйымдастыруға ерекше мән берді.
Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бірнеше мектептер ашылды. Ол мектептердің жанында интернаты болды. Ы. Алтынсарин мектепті халық ағарту ісінің маңызды бір буыны деп санады.

  1. Ы. Алтынсариннің экономикалық көзқарасы. Ы. Алтынсарин жан-жақты білімді адам болды. Білімді адам ретінде ол прогреске, білімге ұмтылудың қазақ халқы үшін қаншалықты зор маңызы бар екенін айқын көре білді. Ол қазақтың арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, теміржолдар мен электр қуатының, егіншілік кәсібінің, телеграфтың және әртүрлі қолөнердің пайдасы туралы айтып берумен болды. Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Қолөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға да көп күш-жігер жұмсады. Алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен кездесу кезінде қолөнер кәсібі, бау-бақша егу, мал өсіру және диқаншылық жөнінде жазылған оқу құралдарын табуға көмектесулерін өтінді.

Ол қазақ жастарына тері илеу, сабын қайнату, май шайқау және кірпіш күйдіру, көзе жасауды үйретуге тырысты. Сондай-ақ ағаш ұсталығы, темір жону, слесарьлық кәсіпке баулуды да армандады. Ол жастарға жаңа машиналарды қалай пайдалану, ауру малдарды қалай емдеудің және зиянды жәндіктерге қарсы қалай күресудің тәсілдерін үйретуге тікелей өзі де қатысып жүрді. Өзінің очерктер мен ауызекі әңгімелерінде қазақты диқаншылықпен айналысуға шақырды. Ы. Алтынсарин жастарды еңбексүйгіштікке, уақытты босқа өткізуден және жалқаулыққа салынудан сақтануға баулыды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет