Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет207/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

П. П. Семенов-Тян-Шанский (1827-1914) Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. ол Алтай мен Жетісу және Орта Азия өңірін зерттеуге қатысты.
2. Ә. Диваевтың зерттеулері. Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуші ғалымдардың бірі Әбубәкір Диваев (1856-1933) болды. Ол Орынбор қаласында дүниеге келген, башқұрт болатын. Орынбор кадет корпусында оқып жүріп, қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қызығушылық танытады. XIX ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде отставкаға шыққан ол өз өмірін қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу ісіне арнайды. Әуесқой археологтардың Түркістан үйірмесінің, сондай-ақ Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды. 1917 жылға дейін Ә. Диваев 100-ден астам тарихи-этнографиялық еңбек жариялады. Ғалым Қазақстанның ежелгі тарихын жазу кезінде фольклорлық матери- алды пайдаланудың маңызды екенін атап көрсетті. Ә. Диваев орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелдерін жинады.

  1. Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан орыстың атақты ақыны Александр Сергеевич Пушкинге ерекше әсер етті. 1833 жылы ұлы ақын Пугачев көтерілісінің болған жерлеріне сапар шекті. Соның барысында Орал мен Орынборға да тоқталып өтті. А. С. Пушкинді қазақтардың ауыз әдебиеті қатты қы- зықтырды. Ол қазақ халқының тарихына, оның мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне аса қызығушылық танытты. Сол жылы А.С. Пушкин Орал қаласында болғанда қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосының бір нұсқасын жазып алды. Ол өзінің «Капитан қызы» атты әйгілі повесінде Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін суреттеумен қатар қазақ халқының өмірі мен тұрмысын да, олардың сол оқиғаларға қатысын да баяндайды. Ұлы ақынның бұл повесі орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының өкілдері арасында, әсіресе ориенталистер арасында қазақ халқына деген орасан зор қызығушылық тудырды.

Қазақстан аумағында Ресейдің аса белгілі ғалымдарының бірі Владимир Иванович Даль сегіз жылға таяу тұрып, еңбек етті. В. И. Даль қарапайым көшпелі халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне көп көңіл бөлді. Ол өзінің хаттарының бірінде былай деп жазды: «Тағы да көшпелілік салтында тұрып жатырмын. Бұл дегеніңіз рақат өмір! Тіпті одан кеткім де келмейді». Қазақтармен қызыға әңгімелескен В. Даль халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын зерттеуге кірісті. Оның соншалықты зор құштарлықпен еткен еңбегінің арқасында қазақтардың XIX ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы құнды материалдар жазылды. В. Даль қазақтар өмірінен «Майра», «Түнгі күзетші» сияқты бірнеше әңгіме және «Бикей мен Маулана» атты повесть жазды. 1845 жылы «Бикен мен Маулана» повесі Парижде француз тілінде жарияланды. Еуропаның қарапайым оқырмандары қазақ деген халықтың бар екенін сол хикаят арқылы танып білді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет