51
Қосалқы
функцияларды тобына келесілер енеді:
5. шешімдерді қабылдау функциясы,
6. ақпарат жəне байланыс функциясы
.
Функциялардың қатаң жəне бір мағыналы бөлінуі тек абстрактілік
деңгейде мəселені теориялық тұрғыдан қарастырғанда ғана мүмкін
екені даусыз. Басқарудың тұтас үдерісінде менеджмент тəжірибесінде
осы функциялар тығыз алмасуда. Сонымен, мысалы, қызметкерлердің
еңбегін ұйымдастыру функция ретінде
қызметкерлердің еңбек
қызметін атқаруға уəждеуін бір уақытта жүргізуін жəне осы бақылау
нəтижелерінің негізінде шешімді қабылдауын көздейді.
Г. Я. Гольдштейн [26] МемлСТ 24525.0-80 «Өндірістік бірлестікпен
жəне өнеркəсіптік кəсіпорынмен басқару» сəйкес
басқарудың кезеңдері
(сатылары) бойынша жалпы функциялармен қатар, қызмет аясын-
да айқындалатын нақты функциялар да анықталатынын көрсетеді.
МемлСТ олардың типтік құрамын ұсынады:
–
өндірісті ұйымдастыру;
– технологиялық үдерістермен басқару;
– метрологиялық қамтамасыз ету;
– технологиялық бақылау жəне сынақтар;
–
өнімді өткізу;
– кадрлармен жұмысты ұйымдастыру;
– еңбек жəне еңбекақыны ұйымдастыру;
– материалдық-техникалық
жабдықтау;
– қаржы қызметі жəне басқалары.
Білім беру мекемесімен басқаруда жоғарыда көрсетілген 6 функ-
ция осы басқару жүргізілетін қызмет саласына байланысты айқындалу
мүмкін: оқу жəне тəрбие үдерістері, əдістемелік жұмыс жəне
педагогтардың біліктілігін арттыру, тəжірибелік-эксперименталдық
/
ғылыми-зерттеу жұмысы, білім беру мекемесінің материалдық-
техникалық базасын құру жəне бекіту, т.б. Менеджменттің негізгі жəне
қосалқы функцияларының мəнін қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: