242
И ҚОСЫМШАСЫ
КЕЛІССӨЗДЕРДІ ПРИНЦИПИАЛДЫ ЖҮРГІЗУ ƏДІСІ
(Р. Фишер, У. Юри)
Осы көзқарастың мəні келесі негізгі ережелерге:
1.
Келіссөзге қатысушыларының қарым-қатынастары шешімді
бірге қабылдау міндеті тұрған əріптестер болғандығымен
анықталады. Сонымен оқиғаға қатысушылар қатаң, өктемдік стилді
ұстанатын адам өз əріптесіне қарсылас, оған қарсы тұрған бақталас
бəсекелес ретінде қараса; «қайтымды» серіктес болса, ең бастысы (өз
мүдделеріне зарар келтіре отырып) келіссөздерде өзара достық атмос-
ферасын құруға тырысса, бірін-бірі «достар-қарсыластар» мəнмəтінен
тыс қабылдауға тиіс.
2.
Келіссөзге қатысушылар оның мақсатын жылдам жəне толық
келісімде алған саналы шешімінде көруге тиіс. Бұл соншалықты анық
емес, өйткені, мысалы, қатаң стильдің жақтасы мəн-жайдың ең жақсы
аяқталуында, ал жұмсақтықты қолдаушы «достық көңілмен» келісімде
көреді.
3.
Келіссөздерді жүргізгенде адамдар арасындағы даулар-
ды шешілетін міндеттерден бөлу қажет. Егер «қатал» əріптес өз
ұстанымын басқаға міндеттеуге жəне жол беруді талап етуге қабілетті
болса, ал «ұяң» əріптес – қарым-қатынасын сақтап қалу үшін өз жо-
лын берсе, осы жаңа көзқарас адамдар қандай да болсын бір нəрсені
əр қалай қабылдайтынын, əртүрлі көзқарастары мен ұстанымдары
болатынын жəне олардың өзара əрекеттесуі
өз ұстанымын басқаға
артуға пейілденуіне қарағанда, бір-бірінің ұстанымына құрметпен
қарауға негізделу қажет екендігін мойындайды. Егер əріптес біздің
ұстанымызды бөліспесе, бұл жайт бізде оған деген кері сезімдерді ту-
дырмау керек, өйткені бұл оның бізге жеткіліксіз құрметпен немесе
сенімсіздікпен қарауын көрсетпейді.
4.
Адамдармен жұмсақ болу жəне міндетке талап қоя білу керек,
өйткені шешілетін проблеманың мəні туралы əңгіме болғанда, əріптеске
тұлға ретінде қарауда «қаталдық» пен «көнгіштікті» үйлестіру тиімді.
5.
Сену немесе сенбеуге қарамастан əрекет ету. Əріптестер бір-
біріне деген сенімділік/сенімсіздік дəрежесі,
шешімді мөлшерде
олардың мінез-құлқымен қатар, жалпы жағдайдың дамуын
анықтайтыны көрсетіліп қойылған болатын. Бір əріптестер бізде
сенім тудырса, екіншілері – сенім тудырмайды, бірақ біз өзімізде
жоғары немесе төмен деңгейде сенімділікке бейім болуымыз мүмкін.
Келіссөздерді жүргізу кезіндегі принципиалды көзқарас сенімділік не-
243
месе сенімсіздікке қарамастан, əрекет етуді талап етеді,
яғни өз мінез-
құлқыңызды əріптеспен барынша ашық болуын бағдарламай, əріптестің
осыны абыройы бойынша бағалайтынын жəне сізге ризашылығын
білдіретінін көздейді. Сонымен қатар, сіздің ашықтығыңызды пайда-
ланып кеткісі келетін деп күдіктенген оппоненттен «қашқалақтамау»
керек. Сонымен, іс сенімділік немесе сенімсіздікте емес, қисынды
негіздемелерде əрекет етуге дайын болуда жəне əріптестен де осындай
дайындықты күтуде.
6
. Ұстанымдарға емес, пайдаларға шоғырлану. Сөзсіз, дау дəл
ұстанымдар жайлы болатын мəн-жайлар болады,
бірақ көп жағдайларда
əртүрлі көзқарастардың болуы адамдарға нақты мəселелерді шешу
кезінде кедергі жасамайды. Келіссөздерді жүргізу кезіндегі принци-
пиалды көзқарас (əріптестердің нақты ұстанымдарына қарамастан)
өз назарының басты объектісі ретінде өзара пайдалы шешімдердің
іздестіруін жасауды ұсынады.
7.
Тараптардың мүдделерін зерделеу. Байбаламдар немесе жол
беретін ұсыныстар орнына тараптардың мүдделеріне шоғырлануға
тырысыңыз. Тек өзара қызуғушылықтардың аймағын немесе олардың
түйісу нүктелерін анықтап, сіз өзара пайдалы шешімге келе аласыз.
8.
«Төменгі шекараны» орнатпау. «Төменгі шекара» – бұл сіз
келісім беруге дайын нұсқаулардың ең нашары. «Төменгі шекараның»
мақсаты – ол сəтсіз келісімді құруды, асығыс шешімдерді қабылдауды
жəне т.б.
алдын алады, яғни санасыз адымдардан сақтайды.
«Келіссөздерді жүргізу кезіндегі принципиалды көзқарастың»
авторларының пікірі бойынша «төменгі шекараны» орнатудың таралған
стратегиясында маңызды кемшілік бар. Осы кемшілік адамның өз
«төменгі шекарасын» тым ұстана бастайтынымен байланысты, ал ол
болса, оның бастамасы мен елестетуін төмендетеді. Бəлкім, келіссөздер
кезінде, əріптесімізбіз, дереу қолайсыз (өйткені ол біздің «төменгі
шекарадан» төмен) деп қабылдамайтын жəне бұған қарамастан, оған
қатысты біздер үшінерекшеұтымды ететін бірқатар шарттарды біз
ұсына алатындай келісімді жасайды. Сонымен, «келіссөздерді жүргізу
кезіндегі принципиалды көзқарас» жағынан өз бастамаңызға құрсау
салмау үшін «төменгі шекараны» орнату мүлдем керек емес.
Оның ор-
нына, өзіңді албырт қисынсыз шешімдерден қорғау үшін ұсынылатын
келісімге ең жақсы балама ұсынылады. Ұсынылатын келісімге ықтимал
баламаларды ойластырған жəне өзі үшін ең жақсысын анықтаған
əріптесте жетістікке үлкен мүмкіншіліктер бар.
9.
Өзара пайда мүмкіндігін ойластыру. Шығындар мен
артықшылықтар жолымен жүрмей, өз күштерін өзара пайданы табуға
жұмсау.