234
Е ҚОСЫМШАСЫ
Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың
лауазымдарының біліктілік сипаттамасы
2009 жылғы «13» шілде
(үзінділер)
Білім беру ұйымының директоры
(бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта)
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның
жарғысына жəне басқа да нормативтік құқықтық актілерге сəйкес
басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын
педагогикалық жəне əдістемелік кеңеспен бірлесе отырып, іске асы-
руды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын,
бағдарламалар мен жұмыс
жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға
міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сəйкес жалпыға міндетті
оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тəрбие процесінің ғылыми-
əдістемелік жəне материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады
жəне жетілдіреді. Оқу-тəрбие процесін əдістемелік қамтамасыз
етуді ұйымдастырады жəне жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық
ұйымдар, əдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне
ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сəйкес оқушылар,
тəрбиеленушілер контингентін қалыптастырады,
оқушылар мен
тəрбиеленушілерді əлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім жəне
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан
тəрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік,
баспаналық, еңбек жəне басқа да) қорғайды, олардың туысқандық
байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.
Тəрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін
белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-
тəрбие процесі кезінде білім алушылардың (тəрбиеленушілердің) жəне
білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын
сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау жəне олардың
денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану жəне медициналық
қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады жəне оған бақылау
жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі
мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың
қаржылық жəне материалдық қаражаттың түсуі жəне
жұмсалуы тура-
лы есебін береді.
235
Нормативтік талаптарға сəйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық
базаның сақталуын жəне толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек
тəртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау жəне
техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды жəне қосымша қызметкерлерді іріктеуді жəне
жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлер-
дің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың
кəсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық
кеңесті басқарады. Белгіленген тəртіп бойынша қызметкерлерді ат-
тестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен
оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің
құзыретіне қарай марапаттауға жəне көтермелеуге ұсынады жəне өз
құзыретінің аясында жаза белгілейді.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы-
лармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік жəне басқа да
ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын
дайындауды жəне ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституция-
сын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы», «Неке жəне отбасы туралы», «Қазақстан Респу-
бликасында мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша жəне жасына байланысты берілетін мемлекеттік
əлеуметтік жəрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды əлеуметтік
жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»,
«Арнайы əлеуметтік қызмет туралы», «Кəмелетке толмағандардың
арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз
жəне панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын жəне басқа
да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын
нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология
негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандар-
тын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық
ғылым
мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін,
қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек тура-
лы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі жəне өртке қарсы
қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен
нормаларды.
Достарыңызбен бөлісу: