Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15


Педагогикалық менеджментте білім сапасының



Pdf көрінісі
бет49/80
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#16336
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
1.7. Педагогикалық менеджментте білім сапасының 
мониторингісі
Бақылау функция ретінде өзара байланысты, бірақ білім беру 
мекемесімен басқарудың бөлек, жергілікті кезеңі болуда. Білім берудің 
заманауи жүйесінің алдында тұрған міндеттердің күрделілігі, онда 
заманауи менеджменттің идеяларын іске асыруын, сондай-ақ білім 
сапасының мониторинг жүйесін құруда жүзеге асырылатын білім са-
пасын қадағалауға деген инновациялық көзқарастар талап етеді.
ҚР-ның «Білім туралы» (2007 ж.) заңындағы 
«Білім беру са-
пасын басқару» 55-бабында «1. Білім беру сапасын басқару 
білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске 
асыруға бағытталған жəне білім сапасын бағалаудың бірыңғай 
ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік жəне институционалдық 
құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты 
пайдалану ұтымдылығын жəне білім беру жүйесі жұмыс істеуінің 
тұтастай тиімділігін қамтиды.


128
2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нəтижелері 
негізінде барлық деңгейлерде басқарушылық шешімдерді қабылдау 
арқылы жүзеге асырылады.
3. Білім беру мониторингі білім сапасын сырттай жəне ішкі бағалау 
əдістері арқылы өткізіледі.
Білім беру сапасын сырттай бағалау білім беру ұйымдарын 
лицензиялаудың, мемлекеттік аттестаттаудың, білім беру ұйымдарын 
аккредиттеудің рəсімдерін, ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік 
аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгідегі жəне түрдегі білім 
беру ұйымдарын саралау мен техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен 
кейінгі ұйымдарда білім алушыларға біліктілік берудің рəсімдерін 
қамтиды.
Білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін, білім 
беру; ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалауының 
əртүрлі рəсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың 
білім алу-жетістіктерін бағалауды қамтиды.
Жоғары оқу орындарының қызметін бағалау осы оқу орнындағы 
оқыту сапасы туралы студенттердің пікірін қамтиды» деп көрсетілген 
[1].
Сонымен, білім сапасының мониторингісі маңызды шарт жəне 
сол уақытта білім беру аясындағы менеджменттің құрауышы болады. 
Мониторингті өзінің мəні бойынша логикалық даму жəне осы оқулық 
басылымында жоғарыда айтылғандай, бақылау функциясын жетілдіру 
ретінде ғана емес, бірақ белгілі дəрежеде басқарудың сапалы басқа 
функциясы деп қарауға болады.
ΧΧΙ ғасыр үшін жоғары білім туралы Дүниежүзілік декларация-
да (Париж, 1998 жылғы 9 қазан) «жоғары білім аясындағы сапа оның 
барлық функцияларын жəне оқу мен академиялық бағдарламалары
ғылыми-зерттеулер мен шəкіртақылар, кадрлармен, оқушылармен 
жинақтау, ғимарат, материалдық-техникалық база, жабдық, қоғам 
игілігіне жұмыс, академиялық орта сияқты қызмет түрлерін қамтуға 
тиіс көп өлшемді тұжырымдама болуда» делінген [59, 93 б.]. Осының 
салдарынан, білім беру жүйесіне сапа мониторинг ұғымы енуде жəне 
тек жоғары мектепке ғана емес, білім берудің басқа да деңгейлеріне 
өтуде (мектепке дейінгі, жалпы орта, орта кəсіптілік жəне т.б.). 
Мониторинг ұғымы педагогика теориясы мен тəжірибесіне табиғи 
ғылымдардан келген, онда ол бақылау, болжау, қорғау мақсатымен 
қоршаған орта жағдайына (атмосфера, гидросфера, топырақты-
өсімдік жамылғысы, сондай-ақ техногендік жүйелер) деген бақылауды 
белгілеген. Қызметтің осы саласында мониторингтің келесі түрлерін 
айырады [17, 732 б.]:


129
– жаһандық (биосфера мониторингісі);
– өңірлік (геожүйелік мониторингісі);
– жергілікті (қоршаған орта кейбір құрауыштарының санитарлық-
гигиеналық мониторингісі).
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған 
білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, жоғарыда 
айтылғандай, бағдарламалық мақсаттардың бірі ретінде білім бе-
румен басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру 
анықталған. Осы бағдарламалық мақсат сондай-ақ білім беруді да-
мыту мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық та-
лаптарды есепке алумен ұлттық білім статистикасын құру арқылы 
іске асырылатын болады деп күтілуде [2, 3 б.]. Көп деңгейлі білімнің 
ұлттық жүйесін жаңғыртудың күтілетін нəтижелерінің арасын-
да сонымен қатар, халықаралық статистикалық стандарттарға сай 
білімнің статистикалық көрсеткіштерінің жүйесін, мониторинг 
жүйесін жəне білім беру жүйесінің дамуын болжау жүйесін құру 
аталған.
ISO 9001:2008 «Сапа менеджмент жүйелері – Талаптар» стандар-
тында «ұйым мониторингтің тиісінше əдістерін қолдануға тиіс. Осы 
əдістер үдерістердің жоспарланған нəтижелеріне жетуін көрсетуге 
тиіс. Жоспарланған нəтижелерге қол жеткізілмегенде, өнім бекітілген 
талаптарға сəйкес келеді деген сенімділікті қамтамасыз ету үшін тиісті 
түзетулерді жəне түзету əрекеттерін жасауға тиіс» делінген [92, 21 б.]. 
Танысу үшін педагогикалық əдебиетте келтірілген мониторинг 
мəнінің кейбір анықтауларын келтіреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет