126
Төртінші. Білім стандартына деген
əртүрлі көзқарастар, олардың
құрылымы мен мазмұнында маңызды айырмашылықтар бар. Мыса-
лы, Ресейлік білім академиясы он жыл бойы – бұл стандарт ретінде
оқыту мазмұнының минимумын, яғни
пəндік тақырыптардың толық
тізілімін (пəндік бағдарламалардың өзіндік жиынтығын) бекіту, ол
өз
тарапынан мектеп білімі мазмұнының қатаң шектелуіне апа-
рып соғады. Көптеген елдердің білім беру стандарттарында (АҚШ,
Ұлыбритания, Канада, Австралия жəне т.б.)
пəндік тақырыптар
мүлдем ескерілмейді. Оларда тек білім берудің жалпы мақсаттарына,
оқу пəндерінің бөлімдеріне, оқыту нəтижелерінің талаптарына ғана
аса назар аударылады. Мұндайда балалардың «шығаберістегі» қажетті
біліктілігін қамтамасыз ететін оқу үдерісінің
сипаттамасы айқын
көрінеді.
<...> Стандартты қолдану мысалдары қатарында Франция-
ны көрсеткен жөн. Онда «стандарт» термині қолданылмайды (айта
кету керек, термин дəл айтылмаған). Сонымен қатар, барлық негізгі
қасиеттер бойынша француздық оқыту мазмұнына бірыңғай талап-
тар, өлшеуіштердің жетілдірілген жинағы мен тəуелсіз емтихандық
рəсімдердің жиынтығы, айтарлықтай қатаң жəне
тиімді білім стандар-
ты ретінде толық белгілену мүмкін.
80-жылдардың ортасында американдық «NCTM» Математи-
ка мұғалімдерінің ұлттық кеңесі бастамашы ретінде мектептік
математикалық білім беру стандартын құрастыруға кірісті (сол кезде
осы термин алғашқы рет пайда болды). Жұмыстың басты мақсаттары
– оқыту сапасын арттыру, мұғалімдерді қорғау, біліксіз əкімшілік
əсерлерге қарсы тұру. Кейіннен бұл жұмыс еленіп, үкіметтік
деңгейде
қолдауға ие болды – Кеңес «Америка ХХІ ғасыр жолында» атты
ұлттық білім бағдарламасы аясында маңызды федералды грант-
тар алды. АҚШ-та математика бойынша алғашқы стандарттар 80-
жылдардың соңында пайда болды, ал 90-жылдары табиғи
(science
study) білім стандартының əзірленуі басталды (АҚШ-та ол дəстүр
бойынша физиканы, химияны жəне жартылай биология мен гео-
графияны қамтиды). Сонымен бірге, бірқатар штаттар, графтықтар
(оларда аудандар солай аталады)
мен қалаларда жергілікті, аймақтық
білім стандарттарын құра бастады...
Американдық тəжірибені жалпылай келе, жаңа білім стандартта-
рын енгізу міндетті түрде мемлекет құқығы ғана болмауы керек екенін
атап өткен жөн. Көбінесе оларды
жалпымен мойындалған ретінде
кəсіби педагогикалық қауымдастықтар əзірлеп қабылдай алады.
Днепров Э. Д. Образовательный стандарт инструмент обновления
/ ВНК «Образовательный стандарт» МО РФ. М., 2004. – 104 б.
127
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Өз мамандығыңыз бойынша МемСТБ-мен танысыңыз, өз
дайындығыңыз деңгейіне сай талаптарды анықтап жəне талдаңыз.
2. Жоғары кəсіби жəне жалпы орта білім МемСТБ құрылымы мен
мазмұнын салыстырыңыз.
3. Педагогикалық менеджменттің қалай жəне қандай қызметтері
осы құжат негізінде жүзеге асырылатынын көрсетіңіз.
4. Сіздің білім беру қызметін тұтынушысы ретінде қандай
сұраныстарыңыз МемСТБ көмегімен шешілетінін анықтаңыз.
5. Өз мамандығыңыз бойынша МемСТБ білім сапасының
критерийлері мен индикаторларын анықтаңыз.
6. Өзара типтік жəне жұмыс оқу бағдарламасын салыстырыңыз.
Олардың мазмұндары мен құрылымдарының
ерекшеліктерін
айқындаңыз. Жалпы жəне жеке, инвариантты жəне өзгермелі
құраушыларын анықтаңыз.
7. Б. И. Иманбекова жəне Б. С.Құдайбергеневаның мақаласын оқы-
ңыз (Иманбекова Б.И. Бiлiм мазмұнын модернизациялаудағы кұзыр-
лылык амалының ұстанымдары мен əдiс-мəсiлдерi / Б. И. Иманбекова,
Б. С. Құдайбергенева // Бiлiм берудегi менеджмент. – 2010. – № 3. – Б.
210-219). МемСТБ жəне мектепте сіз оқытатын оқулық пəні бойынша
үлгілік оқу бағдарламасында білім мазмұнын жаңғырту мақсаттары
жəне міндеттері қалай жүзеге асырылғанын көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: