138
Көптеген елдерде жоғары білімді бақылау ісін Білім министрлігінің
немесе ұлттық комиссиялар жүргізеді. Ал АҚШ-тағы жоғары білім
институционалдық деңгейде жүргізіледі. Мұнымен АҚШ-ғы уни-
верситеттер ең алдымен, университеттің өзі бастап жүргізетін ішкі
бағалауға бейімделгені анықталады. Ең бастысы, мұндай бағалау уни-
верситет қызметін жақсартуға жəне сапаға қол жеткізуге бағытталған.
Ал бұл институционалдық, бағдарламалық жəне жеке деңгейде өзін-өзі
бағалаудың жалпыны қамтитын үдерісін жүргізу жолымен атқарылады
жəне де осы қызмет оқу мекемесінің ішінде шоғырланған.
Бағалаудың
осындай үлгілері көптеген канадалық ЖОО-да жəне Латын Америкасы
елдерінің бірқатар университеттерінде пайдаланылады.
Ұлыбритания университеттерінің көпшілігі ішкі бағалауды жиі пай-
даланады, бұл осы елдегі ЖОО əртүрлі қорлар арқылы қаржыландыру
мəселелерімен байланысты. Ішкі бағалау ЖОО-ның қызметі жалпы
қабылданған стандарттарға қаншалықты сəйкес келетінін анықтау
мақсатында үкімет жəне кəсіби ұйымдармен атқарылады. Бұл
жағдайда, білікті жақтас бақылаушылармен орындалатын қызметтің
сараптамалық шолуы инструментарий болып табылады. Сондай-ақ,
Францияда республика президентіне бағынатын жоғары біліммен
басқарудың ұлттық органымен жүргізілетін сыртқы бақылау басым
бағытта.
Көптеген елдер сыртқы жəне ішкі бағалауды қолдана отырып,
аралық ұстанымға ие болады. Мысалы,
Нидерландыда университет-
тердің бір бөлігі ішкі бағалауды бағдарламалық деңгейде, ал сыртқы
бағалауды – институционалдық деңгейде қолданса, Норвегия, Да-
ния жəне Финляндияда сыртқы бағалау ішкі бағалау жүргізілген соң
атқарылады; Испанияда ішкі бағалау оқу бағдарламаларда жəне зерт-
теулерде оқыту сапасын бағалағанда ғана емес, сонымен қатар, уни-
верситет деңгейінде басқару бағалауында да белсенді қолданылады.
<...> Ең бастысы, бағалау мақсаттарын түсінуді өзгерту, барлығы
қолданатын жəне ұғынатын белгілерді əзірлеу қажет.
Бағалауды жүргізу мақсаты тек жай ғана жұмыстағы кемшіліктерді
анықтау жəне сол үшін жазалау болмауға тиіс. Осы рəсімнің басты
міндеті – нақты адамның жұмыс сапасын жақсарту жəне
осы арқылы
ірі мақсаттарға жету – бағалауға алынған адамдар жұмылдырылған
оқу бағдарламаларының сапасын жақсарту жəне бүкіл ұйымның
жалпы жұмысының жаңа сапасына қол жеткізу. Осындай көзқараста
əңгіме өз қызметінің сапасын жақсарту бойынша əрі қарай жұмыстың
бағыттары жөнінде болады. Бұл жағдайда адам үдеріс объектісінен
қандай да бір дəрежеде үдеріс субъектісіне айналады жəне өзін-өзі
бағалауда белсенді қатысу мүмкіндігіне ие болады. Өз жұмысының
139
сапасын жақсартуға деген ұмтылыс, міндетті түрде, оның қатысуына
уəждеу болады. Тек осындай уəждеу өзін-өзі бағалау, өз жетістіктері
жөнінде формалды
есеп беруді дайындауға, мақсаты басшылықтың
оң бағалауына қол жеткізетін қандай да бірмезгілді түсірілімге айнал-
мауына кепілдік береді. Өзін-өзі бағалау сапалық межелерден (жария-
ланымдар, конференцияларға қатысу жəне т.б.) басқа, əріптестердің,
студенттердің, басшылардың, сыртқы сарапшылардың жəне
басқаларының пікірлері мен бағалаулалары ұсынылуға тиіс тұрақты,
үздіксіз үдеріс болу керек, жеке жетістіктері мен сəтсіздіктердің жəне
т.б. талдауы болуға тиіс.
Бағалаудың қабылданатын жəне ұғынатын межелерін жасау бағалау
рəсімін жүргізуге кəсіби көзқарас кезінде маңызды мезеттердің бірі
болады. Профессорлық-оқытушы құрамының қызметін бағалаудың
жалпыға танылған сипаттамалары мен межелері болса да, əр нақты
ЖОО-да, оның ерекшелігі мен міндетіне
байланысты сипаттамалардың
басымдылығы əртүрлі болуы жəне осы тізімінде межелердің жаңалары
пайда болуы мүмкін.
Дрантусова Н. В. Князев Е. А. Оценка качества как
необходимый элемент (этап) управления в высшем
образовании// Университетское управление:
практика и анализ. – 1999. – № 1(8).
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Мониторингтің əртүрлі анықтауларын салыстырыңыз. Білім беру
жүйесінің заманауи жағдайына ең барабарын таңдаңыз.
2. 2007 жылғы ҚР-ның «Білім туралы» заңының материалдары
бойынша ҚР-ның білім беру жүйесінде пайдаланылатын мониторингтің
негізгі түрлері мен əдістерін көрсететін сызбаны құраңыз.
3. Ш. Таубаеваның «К разработке измерителей оценки качества пе-
дагогических исследований» мақаласында [100] автор «... ізденушіні
зерделенетін құбылыстың бастапқы қалпын
өлшеу мен
диагности-
калауын жəне педагогикалық зерттеудегі
сапалық көрсеткіштердің
көмегімен белгілі сапаны дамыту
мониторингісін жүргізуге үйрету
қажет» деп көрсетеді
[біздің курсив – П.Т.В.]. Автордың соңынан
дəйексөзде курсивпен айқындалған негізгі терминдердің мəнін
анықтаңыз, авторға осы терминдерді синонимдер ретінде емес,
бірақ жеке түсінік ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін олардың
айырмашықтарын атаңыз.
140
4.
1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДЫҢ негізінде ҚР БжҒМ ҰАО-ның,
БСҚТҚА-нің жəне ASIIN-нің функцияларын салыстырыңыз.
5.
2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛМЕН танысыңыз. ҚР-да жəне осы
материалда келтірілген елдерде жоғары білімнің бақылауы қалай
жүргізілетінін салыстырыңыз.
Білім сапасының мониторингісінде келесі тұтынушылардың
сұраныстары қалай есептелу мүмкін екендігі
жөніндегі ұсыныстарды
дайындаңыз:
– білім алушылардың жəне ата-аналардың;
– жұмыс берушілердің;
– мемлекеттің;
– қоғамның, оның ішінде жергілікті қоғамдастықтың;
– білім мекемелері қызметкерлерінің жəне басқаларының.
«Аттестаттау», «аккредиттеу», «лицензиялау» терминдерінің
анықтауында жалпы жəне əртүрлілікті табыңыз. Ол үшін менеджмент,
педагогика, басқару психологиясы саласындағы əртүрлі сөздіктерде
олардың анықтамаларын табыңыз. Осы анықтамаларды жазып алып
салыстырыңыз.