Экономикалық циклдің факторлары.
Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш əдіс-
намалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік)
факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер.
Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туын-
дайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы жəне ішкі
факторлардың синтезі ретінде анықталады.
Сыртқы (экзогендік) факторлар – берілген экономикалық
жүйенің шеңберінен тыс жатқан факторлар. Оларға жататын-
дар: халықтың өсу қарқыны, халықтың миграциясы, ғылыми
ашылымдар мен техникалық жетістіктер, соғыстар, əртүрлі сая-
си оқиғалар, мұнайға деген бағаның күрт өзгеруі, ірі кен (əсі-
ресе, алтын) орындарының ашылуы, жаңа жерлер мен табиғи
ресурстардың игерілуі, Күн бетіндегі дақтар, ауа райы əсерлері
мен табиғи апаттар, т.б.
|