347
Сыртқы сауда саясаты тарифтік немесе тарифтік емес құ-
ралдар арқылы жүзеге асады. Сыртқы сауданы шектеудің кең
тараған əдісі болып тарифтер немесе кедендік баж салығы табы-
лады.
Тарифтік шектеулер (кеден бажы) – бұл қандай да бір
елдің шекарасынан өтетін тауарлардан, мүліктерден жəне құн-
дылықтардан алынатын мемлекеттің ақшалай табыстары (са-
лықтар). Баж салықтары импорт пен экспортқа бірдей салы-
натындықтан, олар импорттық тариф жəне экспорттық тариф
болып бөлінеді.
Импорттық тариф – отандық тауар өндірушілерді шетел
бəсекесінен қорғау мақсатында импорттық тауарларға салына-
тын салықтың бір түрі. Кеден салығы шетел тауарларына салы-
нады, нəтижесінде тауарлар қымбаттайды, сұраныс азаяды. Ке-
ден салықтары фискалдық қызмет атқарады, яғни ол мемлекет
бюджетін толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Алайда импорттық тарифтер отандық тұтынушыларға бір-
шама зиян əкеледі, өйткені тарифтерді енгізу импорттық та-
уарларды қымбаттатады, нəтижесінде отандық сатып алушылар
қосымша салық төлейді. Яғни, импорттық тарифті енгізудің сал-
дары: мемлекет пен фирмалар ұтады жəне тұтынушылар зиян
14.4-сурет. Импорттық тарифті енгізудің салдары
348
шегеді. Импорттық тарифтің ұлттық экономикаға осындай əсерін
14.4-суретімен түсіндіруге болады.
Суреттен байқағанымыздай, импорттық тауарға тарифтің
енгізілуі, сол тауардың бағасын P
w
-дан P
e
-ге көтереді, нəтижесінде
тауарға деген ішкі сұраныс Q
d
-дан Q
d
*-ға дейін қысқарады, ал
ішкі ұсыныс Q
s
-дан Q
s
*-ға дейін артады. Бұл жерде импорттың
жалпы көлемі Q
d
* - Q
s
* айырмасына қысқарады.
Ұлттық тұтынушылар импорттық тарифті енгізудің салда-
рынан a+b+c+d фигураларының ауданына тең таза зиян шегеді,
сəйкесінше, олардың ұтымы азаяды. Ұлттық өндірушілердің
қо сымша таза ұтымы а фигурасының ауданына тең болады. Ал
мем лекет болса, оның ұтысы с фигурасының ауданын құрайды.
Осыған орай, ұлттық экономиканың таза жиынтық жоғалтулары
b+d фигураларының ауданына тең болады, мұнда b – тауар
өндіру көлемінің тиімді деңгейінен қысқаруы салдарынан болған
өндірістік зияндар; d – тауарға бағаның өсуінен жəне импорттық
тарифті енгізуге байланысты тұтынудың қысқаруынан болған
тұтынушылық зияндар.
Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік екінші бір құралы, яғни
импорттық тарифтің «айнадағы» көрінісі іспеттес – ол экспорттық
тариф.
Достарыңызбен бөлісу: