өндірушілерге көрсететін қаржылық көмектері. Экспорттық суб-
350
- экспортталатын өнім көлемін көбейту үшін салық жеңіл-
діктерін беру.
Экспорттық субсидиялар экономиканың экспорттық салала-
рының дамуына жағдайлар жасайды жəне ұлттық өндірушілерге
əлемдік рынокта бəсекелік артықшылық тудырады.
ХХ ғасырдың отызыншы жылдары халықаралық саудада жаңа
кедергілер – тарифтік емес шектеулер пайда болды. Тарифтік емес
шектеулерге мыналар жатады: а) сапа стандарты; ə) санитарлық
шектеулер; б) құрал-жабдықтардың экологиялық талаптарға сəй-
кестігі; в) импортқа лицензия беруге шектеулер қою; г) нақты ел-
дерде кейбір тауарлар түрін сатуға əкімшілік тиым салу.
Ең кең тараған тарифтік емес шектеулердің бірі – импорт пен
экспортқа квота енгізу.
Импорттық квота – импорттық тауарлардың көлемін сандық
шектеу. Импорттық квотаның екі түрі ажыратады: а) абсолюттік
квота – берілген елге əкелуге рұқсат етілген тауарлар көлемі;
ə) тарифтік квота – төмен ставка бойынша белгілі уақыт ара-
лығында нақты тауар əкелуге рұқсат беру.
Достарыңызбен бөлісу: