Дискрециялық бюджет-салық саясаты – үкіметтің арнайы
шешім дері бойынша салық салуды, мемлекеттік бюджет сальдосын
жəне мем лекеттік шығындар көлемін мақсатты бағытта өзгерту шара-
ларынан тұратын іс-қимылдар.
Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты – үкіметтің ар-
найы ше шім қабылдауын талап етпей, автоматты тұрақтандырғыштар
арқылы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының өздігінен
реттелуін қамтамасыз ететін еркін іс-шаралар кешені.
Евсей Домардың экономикалық өсу үлгісі – уақыт талабына сай
жиынтық сұраныстың ұлғаюындағы жəне жиынтық ұсыныстың өнді-
ріс тік қуатын арттырудағы инвестицияның екіжақты рөлін зерттей тін
жəне ұзақ мерзімде толық жұмысбастылыққа жетуді қарастыратын
қарапайым неокейнстік үлгі.
Еңбек биржасы – жұмыс күшін сату жəне сатып алуды жүзеге асы-
ратын жұмыскерлер мен кəсіпкерлер арасында делдалдық қызметтер
көр сететін ұйымдар.
Еңбек нарығы – ерекше тауар – жұмыс күшін сату жəне сатып
алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті
жалақыға айырбастау механизмі орындалатын нарық.
Достарыңызбен бөлісу: |