Белсенді ақша-несие саясаты – алға қойылған мақсаттарға жету
үшін мемлекеттің ақша-несие саясатының ерекше құралдарының
көмегімен ақша нарығына əсер етуі.
Бірінші реттік нарық – жаңа құнды қағаздардың эмиссиясы жа-
салатын нарық жəне құнды қағазды шығарушы-эмитенттің атаулы
бағамен сол құнды қағаздарды нарықтағы инвесторларға сатуын сипат-
тайтын қатынастар.
Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – мемлекеттің салық салу
жəне мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға əсер етуі.
Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – макроэкономикалық сая-
саттың негізгі бір құралы ретінде макроэкономикалық тұрақсыздық пен
макроэкономикалық мəселелерді реттеу үшін мемлекеттің шығындар
мен салық салу механизмдерін өзгерту арқылы экономиканың іскерлік
бел сенділік деңгейіне саналы түрде əсер ету шаралары. Бюджет-салық
саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық
деңгейіне жəне бағаның жалпы деңгейіне əсер ете отырып, жұмыс сыз-
дық пен инфляция сияқты макроэкономикалық мəселелерді шешуге
бағытталады.
Вагнер заңы – əлемдік экономиканың дамуымен байланысты ЖҰӨ-
гі мемлекеттік шығындар үлесінің тұрақты түрде өсіп отыру құбылысы.
|