Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Сол себепті антиинфляциялық саясатты жүргізудің қажеттілігі  туындайды. Инфляцияға қарсы саясат



Pdf көрінісі
бет281/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

239

Сол себепті антиинфляциялық саясатты жүргізудің қажеттілігі 

туындайды.

Инфляцияға қарсы саясат – бұл инфляцияны төмендетуге 

бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. 

ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап бағаны тікелей жəне жана-

ма түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шара лар 

қолданыла бастады. 

Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізіледі. Та-

быстар саясатын шартты түрде екі бағытқа бөлуге болады: жала-

қы мен бағаларды өсу нысаналарымен белгілеу жəне осыларға 

тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолданып атаулы табыстар 

мен бағаның өсуін төмендетуге бағытталған шараларды анық-

тауға болады. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің 

жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тəн болады. 

Нысаналар ретінде баға мен жалақы мөлшерлемелерінің өсуінің 

максималды шегі пайдаланылады. Жалақы мөлшерлемелері 

 

нің 


өзгерістері əдетте, барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің 

өсу қарқынымен байланыста болады, бағалардың өзгерістері 

ең 

бекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін 



жүргізіледі. Осы бағыттың мəні мынада: жалдамалы жұмыс-

керлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде 

баға арқылы реттеледі. 

Əдетте, бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны 

белгілі уақыт мерзімі бойынша «тұрақты» етіп ұстап отыру ту-

ралы заңдар қабылданады. Жалдамалы жұмыскерлер үшін та-

быстар саясатының дискриминациялық дəрежесі жоғары бо-

лады, өйткені мемлекет органдары жəне өндірушілер бағадан 

гөрі жалақыға бақылау жүргізуді ұнатады. Тəжірибе жағынан 

келсек, жалақыдан гөрі бағаларға бақылау жүргізу оңайға түс-

пейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан 

басқа, экономикада еңбек өнімділігінің өсуі автоматты түрде 

ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы жəне 

абсалютті түрде төмендетеді. 

Табыстар саясатының бір бағытына əлеуметтік келісімдер 

жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты ком-

промисс орнату үшін үкімет ірі кəсіпорындар мен кəсіподақтар-

дың арасында келіссөздер ұйымдастырады. Табыстар саясаты 




240

қашан болмасын дискуссияға ұшырап отырады. Осы саясаттың 

қарсыластарының айтуы бойынша, кəсіпкерлер мен кəсіподақтар 

жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтері – барынша көп пай-

да табудан бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген 

нысаналарды өз еркімен орындамайды. 

Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағалардың 

жоғарылауы пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын 

дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмай-

тын келесі əдіс, ол буып-түйілген дайын өнімдердің сапасы мен 

салмағын төмендету. Осыдан басқа, бағаға əкімшілік бақылау 

жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқарылуына, ресурстар мен 

капиталдың еркін жылжуына кедергі болады. Нəтижесінде, 

экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды үнемдеу 

қажеттілігі туындайды. Табыстар саясатының жақтаушылары 

бойынша, егер кəсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің ин-

фляциямен күресуге күші де, құралдары да жеткілікті деп сен-

се, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге көмек 

береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы əңгіме құрғанда 

мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің-тауар 

өндірушілердің жəне ресурстар иелерінің бар болуының өзі ре-

сурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның 

болуы, осы тұжырымды дəлелдейді. Сондықтан, бағаға бақылау 

жүргізу жағдайды түзетуге көмек береді.

Бағаға ықпал жасаудың жанама əдістеріне монетарлық жə-

не фискалдық саясаттың «дефляциялық» шаралары жатады. 

Алғашқыда олар циклге қарсы саясат аясында қолданылған бо-

латын. Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша 

массасының өсуіне, белгіленген есептік мөлшерлеменің өсуіне, 

ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың 

көлеміне жəне міндетті резервтер нормасына бірте-бірте шектеу 

енгізеді. Инфляцияны төмендету мақсатымен валюта саясатының 

құралдары да пайдалануы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға 

шек қою, ұлттық валюта бағамын көтеру.       

«Дефляциялық» шаралардың тежеу жасайтын əсері, ең ал-

дымен, экономикалық өсуді баяулатады жəне жұмыссыздықты 

өсіреді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмайды. Стагфляцияның 

пайда болуы дефляция саясатының кейбір құралдарынан бас 




241

тартуға мəжбүр етеді. Стагфляциямен күресудің неоклассика-

лық бағытының балама жолдары бар. Оның мəні: инфляцияны 

төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, 

экономикадағы осы жəне басқа процестерді қолдан шығарып ал-

мауды көздеу керек. 

Филлипстің қисық сызығына тежеуші монетарлық жəне 

фискалдық саясаттарды қолданып, қалай да бұрынғы қалына 

қайтып келудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсы-

ныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы үшін қар-

жылық жəне ақша саясатын аз ғана өзгертіп, қатаң стандарттар-

мен мақсатты қаржыландыру мен несиелендіруді, салаларды 

селективтік (іріктеп) қолдауды, протекционнистік шараларды, 

та быстар саясатының элементтерін қолдануды пайдалануға бола-

ды. Соңғы нұсқаны қолданудың тиімділігі жоғары жəне бұның 

əлеуметтік шығындары төмен. 

Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты 

болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны 

шұғыл жүргізу (естен тандыру терапиясы). Барлық жағдай елдің 

көлеміне, оның экономикасының болмысына, əлемдік нарыққа 

кірудің дəрежесіне жəне шарттарына, өзгерістерді халықаралық 

қаржы мекемелерінің қолдауына, ел ішіндегі əлеуметтік жəне са-

яси жағдайларға жəне т.б. байланысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет